Қатардағы жауынгер Айдана Шаймердинова Қарағанды гарнизонының әскери полициясында қызмет етеді.  Ерлермен қатар Айдана тәуліктік қызметке түсіп, патрульдеуге және полигондарға шығады. Айдананың дене даярлығы қиын қызметке көмектеседі. Қатардағы жауынгер Шаймердинова-қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Оның қоржынында қоян-қолтық ұрыс пен кикбоксингтен Қазақстан құрамасы сапында көптеген жүлделері бар.