Түркияның сүттен жасалған тәттілері

Түркияның сүттен жасалған тәттілері елдің басқа да кулинария шедеврлері сияқты тәтті әрі ерекше. «Фырын сүтлач» – сүт, қант, күріштен пісірілген пудинг.

Тәтті дайын болғанда үстіне үгітілген даршын немесе фундук себеді. Бүкіл ел жақсы көретін «фырын сүтлачты» барлық жерде керемет дайындалады десе де, сиыр мен ешкі бағатын аймақтарда басқаша екен.

Казандиби – карамель қосылған сүтті пудинг. Атауы түбі күйген қазанмен астасатын «казандиби» («қазан түбі») немесе «қаспақ») – Осман империясының қалған мұра.

«Тавук гөғүсү» («тауық кеудесі») – еттартқышта үгітілген тауық кеудесін қуыра отырып дайындалатын десерт. Бірақ көп жерде ет қолданбай, оның орнына май, сүт, күріш ұнын, қант пен крахмал қосып пісіреді. Түріктердің тіршілігіне дендей енген бұл тәттіні түрік кофесімен немесе шаймен бірге беріледі.

www.gotürkiye.com

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Баклава – түрік халқының ең танымал тәттісі

Бей Ақп 15 , 2024
Оқылды: 508 Қағаздың қалыңдығындай тым жұқа қамырдан, арасына үгітілген жаңғақ, үстіне ерітілген қант суы құйылған баклава – түрік халқының ең танымал тәттісі. UNESCO шығармашылық қалалар жүйесіндегі Газиантеп өзінің баклавасымен «Atlas taste» тізімімен қатар Еуропалық Одақ комиссиясының шешімімен, «дәмі ерекше түрік тәттісі» аталды. Күнделікті ас барысында, сыйлы қонақтар келгенде орны бөлек […]