Түркияда 2016 жылы 15 шілдедегі төңкерісті еске алу рәсімі өтті

Түркияда 2016 жылы 15 шілдедегі болған төңкеріс әрекетінің жылдығына орай еске алу рәсімі өтті.

Астанадағы Түркия Республикасының елшілігінде Коммуникациялық жөніндегі басқармасынын үйлестірумен өткен шараға Қазақстан Ұлттық ұланынан генерал-майор Қайрат ҮМБЕТОВ пен подполковник Талғат НӘШЕНОВ қатысты.

 

2016 жылы 15 шілдеде опасыз төңкеріс жасаушылардың қолынан шейіт болған 253 шәйітті бір минут үнсіздікпен еске алында, артынан Түркия мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандары айтылды.

Рәсімге қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы Ережепов ӘБІЛАЙХАН қасиетті Құран Кәрімді оқыподан кейін наиб мүфти Ершат АҒЫБАЙ шейіттерге және екі елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Одан кейін 2016 жылдың 15 шілдесіндегі оқиғалар мен “ФЕТО” лаңкестік ұйымының құрылымы мен қауіптілігінтүсіндіретін видеолар көрсетілді.

 

Салтанатты шарада Түркияның Астанадағы Елшісі Мұстафа КАПУЧУ сөз сөйледіСөзінде: «Фетуллахшы террор ұйымы – ФЕТО жоспарлаған 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетіне 8 жыл толдыұйым мүшелері Қарулы Күштердің басқару тізбегінен шығыпармиямызға сіңіп кетті.

Төңкеріс әрекеті салдарынан 253 азаматымыз шейіт болды, екі мыңнан астам азаматымыз жарақат алдыОсы орайда мен шейіт болғандарымыз бен қаһарман ардагерлерімізді алғыспен және құрметпен еске аламын.

 

15 шілде күні ФЕТО-ның мемлекетімізге төніп тұрған үлкенқауіп-қатері анықталдыБұл қауіп-қатерді жоюдағы еңүлкен үлес өз еркімен ешқандай билікті мойындамайтынын және мемлекеттік және демократиялық жетістіктерін қорғауүшін жанын беруге дайын екенін көрсеткен түрік халқына тиесілі.

Осы тұрғыда шетелдік әріптестерімізбен барлық байланыстарымызда “ФЕТО-ның” әрекет ететін басқа елдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні баса айтылады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, “ФЕТО”-ның террористікұйым болуымен қатар, «культ» сипаты бар тыңшылық ұйым екенін және әрекет ететін әрбір елге қауіп төндіретінін атап өткім келеді.

Ұзақ мерзімді екенін білетін “ФЕТО-ны” шетелде құрылымдау бағытында жұмысымыз табандылықпен жалғасады.

Бауырлас Қазақстаннан күтетініміз – “ФЕТО”-ға қарсы жергілікті және халықаралық заң аясында тиімді күрес жүргізу» – деп атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жастарды еліктірген – энергетикалық сусын

Бей Шіл 18 , 2024
Оқылды: 270 ҚР Қорғаныс министрлігі Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионында отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздарға арнайы дәрігер маман шақыртылып, жастар жиі тұтынатын энергетик сусындардың зияны туралы айтылды. Шараның арнайы қонағы: Закарин Алмас Дәуренбекұлы – «Кардиоплюс» ЖШС негізін қалаушы. Кардиолог дәрігер, бірінші санатты кардиохирург. Бүгінгі […]