Қарағанды гарнизонында сарбаздар арасындағы, зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталған «Әскери антқа адал бол» әскери тәртібі мен заңдылықты нығайту онкүндігі аяқталды.
Гарнизонның барлық әскери бөлімдерінде әскери полиция бөлімі әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы құқықтық актілерді, сондай-ақ жеке құрамды жасырын сұрастыру арқылы әлеуметтік сауалнамалар енгізе отырып, профилактикалық әңгімелер мен сабақтар жүргізілді.
– Осы он күндіктің басты мақсаты – әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру. Сонымен қатар, бұл құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде алдын-алу бойынша бөлімшелер командирлерінің әскери құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимылын сақтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті өз кезегінде әскери полиция бөлімі бастығының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары подполковник Ербатыр Асқаров.
«Қарағанды гарнизонындағы бұл іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылады. Жұмыстың нәтижесі арқылы – әскери қызмет жағдайларын жақсарту бойынша әзірленген ұсыныстар да бар«,- деп атап өтті сөз соңында.