«Шеврон» компаниясы Ақтөбе облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге «QazaqGaz» ҰК АҚ басқармасымен келісімге келді

АҚ және «Шеврон» корпорациясы, өзінің еншілес компаниясы «ШевронМұнайгаз Инк.» (Шеврон») арқылы Ақтөбе облысыЖаңажол және Урихтау кен орнына жақын орналасқан  Жалибек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік орнату  туралы келісімге қол қойды.

Айта кетейікбұл жоба бойынша соңғы бір жыл бойы келіссөздер жүргізіліп, техникалық дайындық жұмыстары жасалды. Бірінші кезеңде «Шеврон» қолда бар сейсмикалық мәліметтерді қайта өңдеп, техникалық түсіндірмелерді әзірлейді. Тараптар қол қойылған келісімді ауқымды серіктестіктің бастамасы ретінде қарастырып отыр.

Келісімге «QazaqGaz» ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен «Шеврон» компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc қол қойды. Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен өтті.

«Осындай маңызды газ жобасы аясында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен серіктестігімізді нығайтып жатқанымызға қуаныштымыз. Қазақстанмен стратегиялық серіктестік орнатқанымызға отыз жылдан астам уақыт өтті, және бұл келісім Қазақстанның энергетикалық потенциалының өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. «Шеврон» компаниясы Қазақстанда газ саласын дамытудың маңыздылығын және онымен байланысты мүмкіндіктер мен перспективалардың мол екендігін түсінеді», — деді Дерек Магнесс.

Айта кетейік, жоба акционер «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асады.

«Біз Шеврон компаниясымен бірлесіп, жаңа газ кен орындарында жұмыс істей бастағанымызға қуаныштымыз. Жалибек учаскесіндегі әлеуетті газ және газ конденсатты кен орындарын одан әрі геологиялық барлау және игеру, тауарлық газдың ресурстық базасын арттыруға және ел экономикасының дамуына ықпал етеді деп күтіледі. Мемлекет басшысының газ саласындағы геологиялық барлау жобаларын жеделдету жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, еліміздің газ саласының әлеуеті халықаралық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды қызықтырып отырғанын қуана хабарлаймыз»,  деді Санжар Жаркешов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Сержанттар күні

Дүй Шіл 1 , 2024
Оқылды: 128 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде шілденің 1 сержанттар күні болып бекітілген. Осы айтулы мерекеге орай Қарағанды гарнизоны, Нұркен Әбдіров атындағы 610-шы авиациялық базасында жеке құрамды даярлауда маңызды рөл атқаратын сержанттар құрамына саптық алаңда құрмет көрсетілді. Мерекеге орай ұйымдастырылған шараны 50185 әскери бөлім командирі полковник Нұрлан Бекбосынов құттықтау сөзімен ашып, […]