Сарбаздар әскери бөліммен қоштасты

Қарағанды гарнизонына қарасты, 31775 әскери бөлімінде 1-мотоатқыштар батальонының сарбаздары әскери бөлімімен, аға буын әскерилер мен қоштасты. Мерзімді қызметтің 140 сарбазы үйлеріне аман-есен оралады. Механикаландырылған бригада Отан алдындағы абыройлы міндеттерін атқарған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салып, сәттілік тіледі.

 

Бөлімнің барлық жеке құрамы саптық алаңда жиналып, қызмет еткен жігіттерге көпке үлгі болғаны үшін «Алғыс» айтты. Осыдан кейін, Ту ұстаушы тобы мен құрметті қарауыл взводы саптық алаңға бөлімнің жауынгерлік туын алып шықты.Борышын атқарған жігіттер әріптестерімен қимай қоштасты. Жауынгерлер соңғы саптық қадамдарын жасап, құжаттарын, грамоталары мен мінездемелерін алып, офицерлермен қол алысты. Әскери қызмет тәрбиеледі деген сарбаздар, кәсіби маман ретінде де үлкен тәжірибе алған. Мерзімді қызметте бір жыл ішінде сарбаздар көптеген оқу жаттығулардан, шерулерден және дабыл бойынша көтерулерден өтті. Күн сайын жігіттер рухты ғана емес, денені де күшейтті. Сонымен бірге, жауынгерлер ҰБТ-ны есептемей елдің жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды. Қызметте үздік нәтиже көрсеткендерге жоғары білім алуға тегін мүмкіндік беріледі.

Ақбота Қазкенова 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Филология факультетінің 3 курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Сарбаздар әскерге аттанды

Бей Мам 23 , 2024
Оқылды: 388 Майқұдықтағы мәдениет үйінде, Алихан Бөкейхан атындағы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан болашақ сарбаздарды әскерге шығарып салу жиыны өтті.  Шараға интернационалист-жауынгерлер, Қарағанды қаласының жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері, «Жас сарбаз» ұйымының оқушылары, 31775 әскери бөлімінің қызметкерлері шақырылған.  Жиында аудандық қорғаныс […]