Сарбаздарды әскерге шығарып салды

Отанды қорғау абыройлы міндет. Қазыбек би аудандық әскери бөлімінде ҚР Қорғаныс Министрлігі десанттық шабуылдаушы әскерлеріне болашақ сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті. Отан қорғаушылар құрметіне орайластырылған салтанатты рәсім жеңіс саябағында өтті.

Марат Жанатұлы бала кезінен әскер қатарында болсам деп армандаған. Ол бұл күнге ұзақ дайындалды, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысты. Міне ол бүгін, әскерге баратындардың қатарында. Марат сияқты қарулы күштер қатарында болғысы келетін жастар саны өте көп, бірақ денсаулықтары жарамсыздарыда кездеседі екен.

«-Отан қорғау абылойлы міндет. Ата-анамның сенімін ақтаймын деп ойлаймын. Еліміз ерлік дәстүрін берік ұстанады, біздің үйде отаншылдық рухта тәрбиеленгеніміз әсер еткені анық. Өмірде мамандықтар сан алуан болғанымен, көптеген жерлестеріміз әрдайым сарбаздар мен әскерилерге құрметпен қарайды. Шын мәнінде, әскери қызметкер ерлік пен өрліктің үлгісін көрсете білуі тиіс. Қапшағай қаласындағы әскери бөлімге аттанып барамыз, десантшылар деп атайды. Бірге кетіп бара жатқан достарыммен танысып үлгердік» – деп атап өтті, өз сөзінде Балқаш қаласынан келген  Марат Жанатұлы Мукпен.

Бұл жолы Қонаев гарнизонына қарасты, десанттық шабуылдаушы әскеріне әскери борышын өтеуге елуге жуық жас жігіт аттанады. Ал отан қорғаушыларды шақырту жұмыстары әрі қарай жалғаса бермек. Сарбаздар сүңғақ бойлы болуы қажет. Әскер қатарына қабылданатын азаматтарға талап та күшейтілген. Қорғаныс министрлігінің заңына сәйкес, Отан қорғаушылардың бойы мен салмағы талапқа сай болуы басты талап. Көктемгі әскерге қабылдау науқанына орайластырылған жиында сөз бастаған Қарағанды облысы әкімінің орынбасары – Ербол Әліқұлов жастарға өз тілегін жеткізді.

«-Құрметті жастар, бүгінгі іс-шараның маңызы ерекше. Тәрбие отбасынан басталады. Мектепте шыңдалады, әскерде қалыпқа түседі, деп ойлаймын. Бүгінгі мынау, бірінші қадамдарыңыз құтты болсын. Қарағанды қаласының азаматтары деген биік атаққа лайықтысыздар. Барғанда өздеріңіз жақсы қасиеттеріңізді көрсетіп, шыдамдылық, тапқырлық, адамгершілік секілді биік қасиеттеріңді көрсетіп, нағыз ер азамат болып қайтып, елге қызмет ететіндеріңізге толық түрде сенімдімін, жолдарың болсын. Рақмет.» – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары – Ербол Әліқұлов.

Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті отан қорғау абыройлы міндет екендігін ескеріп, жыл сайын 2000 нан астам, сарбазды отан қорғау қызметіне жолдаса, көктемгі әскерге қабылдау науқанына 1000 нан астам сарбаз жөнелтілген. Бүгін Қонаев гарнизонына қарасты, десанттық шабуылдау әскерлеріне елуден астам жас жігіт таңдалынып алынған. Жастарға ақ жол тілеген әкімдік өкілдері, жас жігіттерге ұялы телефон мен су бөтелкелері бар сыйлықтарын таратты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Qazaq сlub-тың 2022 жылы атқарған жұмыстары

Бей Сәу 6 , 2023
Оқылды: 752 «Qazaq club» 2022 жылғы жұмыстарын 2019 жылы тұсауы кесілген 27-ші жоба – «Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі» аясында жүргізді. Атап айтқанда келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: 1. 2022 жылдың 1 сәуірінде – Қазақ өнері күніне орай Тәттімбет өнер колледжінде дарынды композитор, дирижер Нұрғиса Тілендінің шығармашылығына арналған өнер […]