Сақтықта – қорлық жоқ

Қарағанды гарнизонында әскери полиция басқармасының қызметкерлері әскери бөлімдердің автоәуесқойлар қоғамының төрағаларымен конференция өткізді. Жол-көлік оқиғаларын алдын-алу іс шарасы «Астана» өңірлік қолбасшылығының мәжіліс залында ұйымдастырылып, жиын барысында биылғы жылдың жол-көлік оқиғалары да назардан тыс қалмады.

Сондай-ақ, конференция барысында әскери бөлімдердің автокөлік жүргізушілері қоғамының жұмысын жақсарту мәселелері қарастырылып, 2021 жылы автоәуесқой жүргізушілер қоғамының жұмысы барысында жіберілген кемшіліктер қарастырылды. Жұмыс сапасын оңтайландыру бойынша міндеттер қойылып, нұсқаулар берілді.
Конференция барысында анықталған жол-көлік оқиғалары мен жылдамдықты асыру жағдайлары да айтылды. Әскери бөлімдердің лауазымды тұлғаларына жол қозғалысы ережесін бұзушыларды қатаң бақылауға алып, жеке құраммен ережелерін сақтау бойынша тиімді профилактикалық жұмыстар жүргізу міндеттелді.
Жиынға «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының техникамен қамтамасыз ету басқармасының бастығы полковник Шәкен Жарылқасынов арнайы қатысқан.
–      Бүгінгі жиын барысында, жол қозғалыс ережелері айтылып, орын алған заң бұзушылықтар талқыланды. Жиын қорытындысына сәйкес, әскери бөлімдердің жауапты тұлғаларына жол қозғалыс ережелерін бұзушыларды қатаң бақылауға алуды және жеке құраммен жол-көлік оқиғаларын бақылауға арналған алдын алу жұмыстарының сапалы жүргізілуі міндеттелді, – деп атап өтті өз сөзінде әскери автомобиль полиция бөлімінің бастығы майор Дүйсенғали Шайкенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскер – ел қорғаны

Сен Ақп 5 , 2022
Оқылды: 1  280 Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында нұсқаулық әдістемелік сабақ бойынша жаттығу жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында механикаландырылған бригада жеке құрамының ептілігі мен жауынгерлік қабілеті сыналды. Жеке құрам жаттығуларды барынша пысықтап, ауа-райына қарамастан жоспарлы дайындықты сәтті жүзеге асырды. Қысқы кезеңде әскери құрамның мықтылығын анықтаған жоспарлы дайындық, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп […]