Құрылыстың қоқыс үйінділерін болдырмау және қайта өңдеу жөнінде байқау ұйымдастырылды

Құрылыстың қоқыс үйінділеріне қарсы күрес және қайта өңдеу бойынша ең үздік идеяға арналған жастар арасындағы республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды.

2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласында құрылыстың қоқыс үйінділеріне қарсы күрес және қайта өңдеу бойынша ең үздік идеяға арналған жастар арасындағы республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес құрылыс қалдықтары, бұл дегеніміз – ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік объектілерді, жолдарды, инженерлік және басқа да коммуникацияларды бұзу, бөлшектеу, реконструкциялау, жөндеу (оның ішінде күрделі) немесе салу процесінде пайда болатын қалдықтар.

Байқауды «Stop musor» әлеуметтік жобасы аясында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырды.

Байқау осы жылдың 27 наурызы мен 27 сәуірі аралығында келесі номинациялар бойынша өтті:

1) «Құрылыс қалдықтарын болдырмауға арналған үздік идея»;

2) «Құрылыс қалдықтарын қайта өңдеуге арналған үздік идея»;

3) «Құрылыс қалдықтарын утилизациялауға арналған үздік идеясы».

Конкурсты өткізудің мақсаты – жастарды экологиялық саясатты қалыптастыруға тарту және қазіргі өскелең ұрпақтың инновациялық идеялары арқылы стихиялық үйінділер мен құрылыс қалдықтарының пайда болуымен байланысты айқын проблемаларды шешу.

Байқауға қатысу үшін жоғары сынып оқушылары мен студенттерден барлығы 50-ден астам жұмыс қабылданды. Конкурс ережесіне сәйкес Қазақстандағы құрылыс қалдықтарына қатысты мәселелерді шешуге бағытталған идеялары бар видеожұмыстар мен сауалнамалар қабылданды.

50 өтінімнің ішінен Конкурстық комиссия 4 жұмысты іріктеп алды. Ол командалардың әрқайсысы150 000 теңгеден ақшалай сыйлық алады:

1) Назарбаев Университеті студенттері Дулат Уәлиев және Жәния Омарова

2) С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Лавринович Виктория

3) Павлодар технологиялық колледжінің студенттері Лахонин Даниил, Маусымбаев Сәбит, Нығматуллин Рустам

4) Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері Еремина Софья, Қожабаев Рустэм, Маковей Никита.

***                                                ***                                        ***

* Stop Musor жобасы халықтың сауаты мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Жоба аясында www.stopmusor.kz арнайы сайты әзірленіп іске қосылды, сондай-ақ, сіз жобаның әлеуметтік желілердегі https://instagram.com/stopmusorkz және https://www.facebook.com/stopmusorkz/  парақшаларына жазыла аласыз. Stop Musor әлеуметтік жобасын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы жүзеге асырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ашық есік күні – қоғам талабы

Жұм Мам 26 , 2023
Оқылды: 492 ҚР Қорғаныс Министрлігі Қарағанды қаласы, әскери лазареті республикалық мемлекеттік мекемесінде «Ашық есік күні» өтті. Қарағанды қаласындағы әскери лазаретке №10 жалпы білім беретін мектептің 7-б сыныбы шақырылды. Оқушыларға ашық есік күнің ұйымдастырған әскерилер, өздерінің күнделікті қызмет ететін орындарымен таныстырды. Қарағанды гарнизонының әскери лазареті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет […]