ҚР Президенті халықаралық конференцияда климаттық мәселелерді бірлесе шешуді ұсынды

ҚР Президенті «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысты.

 

Халықаралық жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Орталық Азия – планетадағы климат өзгерістеріне ең осал өңірлердің бірі. Мұнда жаһандық жылыну әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жылдам жүріп жатыр. Аймақ тосын табиғат құбылыстарымен, атап айтқанда, мұздықтардың еруі, шөлейттену және су тапшылығы секілді сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр”, — деді.

 

Бірлесіп әрекет етудің қажеттілігі

Орталық Азия елдерінің орнықты дамуы үшін экономикалық өсім мен климаттық саясат арасындағы тепе-теңдікті қатаң сақтау керек.

Қазақстан және «жасыл» экономика

Жасыл сутегі өндірісі бойынша дүние жүзіндегі ең ірі жобалардың бірін, соның ішінде, жаңартылатын энергия көздерін дамыту.

— Әлемнің жетекші корпорацияларымен бірлесіп жел, күн энергиясын өндіру жобаларын іске қостық.

— Уран өндірісінің 40 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Қазіргі кезде еліміз зиянды шығарындыларды азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін алғашқы атом электр стансасын салуды жоспарлап отыр.

 

Су ресурстары – өңірге ортақ сын-қатер

— Соңғы жиырма жылда жан басына шаққандағы сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 30 пайызға кеміді.

— Аймақтағы су ресурстарының 70 пайызы – трансшекаралық.

— Қазақстан бұрыннан айтылып келе жатқан Орталық Азия су-энергетика серіктестігін құру бастамасын ілгерілетуге әзір.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Терроризмнің алдын алу аса маңызды

Сәр Сәу 16 , 2025
Оқылды: 181 Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан Бірінші Орталық Азия — Еуропалық Одақ саммитіне Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттерімен қатар еуропалық тұлғалар да қатысты. Саммитте сөз сөйлеген Еуропалық Кеңес төрағасы Антонио Коста өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты: «Қазіргі халықаралық жағдайда көпжақты байланыстар мен ынтымақтастықтың маңызы өте зор. Біздің […]

Шұғыл!