Мега–жұлдыздар “Азия дауысы-2023″ фестивалінде өнер көрсетті

Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мегажұлдыздары  “Азия дауысы-2023″ фестивалін дүркіретті.

Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті. Ол  zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовтың арқасында мүмкін болды. Неліктен Black Eyed Peas? Олар Қазақстанға қалайша келді?

Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүрЕгер олар Америкада болғанда алып келу қиынға соғар еді. Азия дауысының уақытында олар бос болды. Алматыға Венгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшып кетеді.  

Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы “Where is the Love?” хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізудеБірге атап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды.

Кешегі концертте кішігірім оқиға болдыДағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оны өткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әннің бір бөлігін орындадыОның қуанышында шек болмады! Стадион бақытты адам мен will.i.am әрекетін қатты қолдады. Бұл қазірдің өзінде жанданған  «Азия дауысы» туризмнің дамуына мықты әсер беруде. Себебі Қазақстанның әр қалаларынан және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Алматы бұрынсоңды мұндай керемет шоуды көрген емес: Black Eyed Peas 2000-шы жылдардағы хиттерін орындаған кезде көрермендер түгел секіріп билеп кетті.

Бұл салтанатты кеш өте жақсы аяқталды. «Харекет» қоғамдық қоры «Азия дауысы»  сахнасында қазақстандықтардың ақшасына сатып алынған пәтердің кілтін мұқтаж отбасына табыс етті!

«Харекет» қоры 2017 жылы «1000 ТЕҢГЕГЕ БАСПАНА» жобасы аясында құрылған еді. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін әркім бар болғаны мың теңге бере алады. Осылайша көмекке қажетті сома жиналады. Құрылғалы бері қор отбасыларға 650-ден астам үй сатып алса, кеше Айгүл Сарыбаеваның отбасы кілтін алды. Шаңырақтары бақытқа толы болсын!.«Азия дауысы» әнмен ғана емес, игі істермен де біріктіреді!

Бүгін, фестивальдің соңғы күнінде біз аңыздарды еске аламыз! Баршаңызды Медеуде күтеміз!

Фестиваль демеушілік пен ақпараттық қолдаудың арқасында өткізілгенін еске саламыз! «Азия дауысы  – 2023» фестивалінің бас серіктесі және тең  ұйымдастырушысы – Halyk Bank. Оның сыйлықтары күн сайын Медеудегі ісшаралар кезінде ойнатылады және оған  барлығы қатыса алады!

30 шілдеде өтетін концертке билет сатып алғандар фестивальдің тағы бір демеушісі –Allur Auto ұсынған Chevrolet Onix  автокөлігін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

Алматы қаласының әкімдігі көрермендердің Медеуге оңай жетіп, қалаға жылдам оралуын қамтамасыз етті. Фестиваль кезінде қосымша автобус бағыты іске қосылды. Сәтбаев пен Байтұрсынов қиылысынан автобустар сағат 14:00-ден 24:00-ге дейін 10-15 минут аралықпен жүретін болады. Бір бағытқа жүру құны 150 теңге. Кеше концерттен қайтқан халықты автобустар тегін тасыды.

Ресми телеарна: Silk Way

Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Алматы»

Ақпараттық қолдау: «1 канал «Евразия», «НТК», MUZZONE TV, Business FM, Radio Citу, «Деловой Казахстан», «Қала мен дала», «Новое поколение», «Московский комсомолец», Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Kursiv.media, Nege.kz, Arbat.media, Informburo.kz, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, Weproject.media, DALA INSIDE телеграмы, Түркітілдес журналистер қорымен «Қазақстандық пресс-клуб».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Азия дауысы» халықаралық фестивалі дәстүрлі іс-шараға айналады

Дүй Шіл 31 , 2023
Оқылды: 461 Алматыдағы «Медеу» биік тау мұз айдынында қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі аяқталды! Ол қазақ және әлем музыкасының аңыздарына және 19 жыл бұрынғы фестиваль қандай болғанын еске алуға арналды. Үшінші фестиваль күнінің басты идеясы «Ұрпақтар сабақтастығы» болды. Өйткені, бүгінде «Азия дауысы» алдына тек музыка майталмандарының буынын […]