Короновирусқа қарсы ауруханаларда талдау жүргізіледі

Қазақстанның ауруханаларында инфекция профилактикасы және инфекциялық бақылау жағдайына талдау жүргізіледі.

Колумбия университетінің жанындағы ICAP орталығы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп, медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИПИБ) жағдайына сыртқы кешенді талдау жүргізеді.

31 тамыз бен 14 қазан аралығында жеті аптаның ішінде Қазақстанның госпитальдік эпидемиологиясы саласындағы жетекші мамандары кешенді талдау жүргізедіММСЖ қатысушылары болып табылатын ҚР-ның барлық медициналық мекемелері тексеруден өтеді.

Сарапшылар тобының әр мүшесі ДДСҰ инфекциялық бақылау, жағдайды талдау әдістемесі, этикалық түсінік, соның ішінде ақпараттандырылған келісім алу және талдауға қатысушылардың деректерін қорғау жөніндегі нұсқаулары бойынша оқудан өтті.

«Инфекциялық бақылау медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін керекCOVID-19 пандемиясы барысында инфекциялық бақылау жүйелерінің тиімділігі ерекше маңызға ие болып отырДенсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен инфекциялық бақылауға қатысты жағдайды талдау үшін біздің ұйым бүкіл Қазақстан бойынша 81 аурухананы, соның ішінде мемлекеттік стационарлар мен жекеменшік емханаларды, сондай-ақ аудандық деңгейдегі ауруханаларды іріктеді»,  дейді Анна Дерябина, Орталық Азиядағы Колумбия университетінің жанындағы ICAP Директоры.

Инфекция профилактикасы және инфекциялық бақылау – бұл пациенттер мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің ауру жұқтырып алуына жол бермеуге бағытталған практикалық, ғылыми негізделген тәсілдеме.

Талдаудың мақсаты инфекциялық бақылауды, соның ішінде COVID-19 пандемиясы жағдайында, жүйелі түрде жақсарту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдіснамасы бойынша қазіргі жағдайға баға беру.

«Денсаулық сақтау саласы «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестицияларының басты бағыттарының бірі болып отыр. Біз әрқашан өмір сүру деңгейін жақсартуға ғана емес, сондай-ақ өзіміз жұмыс істейтін қоғамдастықтарға көмектесуге ұмтыламыз.  Өткен жылы біз ICAP ұйымымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірге COVID-19 инфекциясымен күресу үшін  Қазақстанға дәрі-дәрмек, ЖҚҚ мен медициналық жабдық жеткізуді ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыс жүргіздік», – деп ойын бөлісті «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмуханова.

Талдау міндеттеріне инфекциялық бақылауға қатысты ағымдағы жағдайдыоқудан өткен кадрлардың, құжаттардың қажетті болуын, медицина қызметкерлерінің инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету үшін тиісті әрекет жасауына тұрақты және жүйелі бақылау жасалуын, сондай-ақ медициналық мекемелердің бар қырларының ДДСҰ ұсыныстарына сәйкестігін сипаттау кіреді. Бұдан басқа, COVID-19 пандемиясы жағдайында инфекциялық бақылауды жүзеге асыруға байланысты медициналық ұйымдар тап болып отырған қиындықтар мен кемшіліктер анықталады. Талдау екі кезеңмен жүргізіледі

1) стационарлардың өзін-өзі бағалауға арналған онлайн сауалнаманы өз бетімен толтыруы

2) инфекциялық бақылау мамандары тобының стационарларға барған кезде орын-орындағы жағдайды талдауы.

«Медициналық ұйымның бұл талдауға қатысудан алатын негізгі артықшылығы –Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, соның ішінде ұлттық аккредитация шеңберінде инфекциялық бақылаудың заманауи әдістерін ендіру бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек. Сонымен қатар, қызметкерлердің 2022 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында инфекциялық бақылау бойынша мамандандырылған оқу курсының шеңберінде тегін оқудан өтіп, халықаралық деңгейде мойындалған бағдарлама бойынша сертификат алуға мүмкіндігі болады», – деп атап өтті Анна Дерябина.

Медициналық жәрдем көрсетуге байланысты инфекциялар, немесе ауруханаішілік инфекциялар (АІИ), медициналық қызмет көрсету кезіндегі ең кең тараған жанама құбылыстардың қатарына жатады. Олар қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің күрделі проблемасы болып саналады және ауру-сырқаулық, өлім-жітім деңгейі мен өмір сүру сапасына әсер етеді. ДДСҰ деректері бойынша, дамыған елдерде ауруханаға жатқызылған адамдардың 7%-ына дейінгі бөлігі кез келген уақытта кем дегенде бір АІИ жұқтырады, ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 10%-ға жетеді. Дегенмен, инфекциялық бақылаудың тиімді тәжірибесін іске асыру жолымен АІИ үлкен пайызының алдын алуға болады.

Анықтама үшін:

ICAP халықаралық ұйымы  АҚШ, Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінің Мэйлман атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жанындағы орталық.  Орталық жұмысының негізгі мақсаты отбасылар мен қоғамдастықтардың денсаулығын жақсарту болып табылады. Бүгінде ICAP ұйымы денсаулық сақтау жүйелерін нығайту бойынша әлемнің 30-дан астам елінде Денсаулық сақтау министрліктеріне консультация-әдістемеліксоның ішінде медицина қызметкерлерін оқыту, денсаулық сақтау саласында инновациялық тәсілдемелерді әзірлеу мен ендіру және кең ауқымды зерттеу жобаларын іске асыру жағынан көмек көрсететін аса ірі халықаралық ұйымдардың бірі.

«Шеврон»  дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Компания табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санайды. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және химиялық мұнай өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін  көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жасыл экология тренингі

Сәр Қыр 1 , 2021
Оқылды: 1  314 «Жасыл кеңсе» қағидаларын енгізу тренингі БАҒДАРЛАМАСЫ Қыркүйек 2021 жыл Түркістан қаласы Уақыты 11:00 сағат 10:30-11:00 Қатысушыларды тіркеу 11:00-12:00 Рати Джапаридзе, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің экономика және экология бөлімінің жетекшісі «Тәжірибеде Жасыл кеңсе қағидаларын енгізу. «Жасыл кеңсе» конкурстарының қорытындылары мен ережелері» Оқапова Асыл Әкімжанқызы, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global» […]