Кешегі сарбаз бүгінгі әскери отбасы

Биыл, барша қазақстандықтар көпшілік болып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетіндігіміз баршаға аян. Осы жылдарда егеменді еліміздің айбынды армиясының әлеуеті артқандығы анық. Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігін баянды ету мен Қазақстанның аумақтық тұтастығын қорғау жолында аянбай тер төгіп жүрген әскери қызметшілердің есімдерін ерекше атауға болады. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімінде Отан алдындағы қызметін адал атқарып жүрген аға сержант Бауыржан Оразбаев.

 

Кешегі бозбала күнінде әскер қатарына шақырылған сарбаз Бауыржан, бүгінгі күнде сүйікті жары – Алтынаймен бірге 3 ұл мен 1 қызға өнегелі тәрбие беріп, үлгілі әскери отбасы атанып отыр.
Әлбетте, ата-анасы баласын шыр етіп дүние есігін ашқанда халық батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы сынды атақты болсын деп армандап, оған хас батырдың есімін берген.
         Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылы 10 жасқа  енді ғана толған бала Бауыржан есейіп ер жетіп, 2001 жылы әскер қатарына шақырылады.
Мен 18 жастан асқанда әскер қатарына шақырылып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын толықтырдым. Отан алдындағы азаматтық борышымды абыроймен адал атқарып шықтым. Кейін өзім қызмет еткен әскери бөлімде қалып, қызметімді одан әрі жалғастырып келемін. Тәуелсіз Қазақстанның айбынды армия қатарында қызмет ететінімді әрқашан мақтан тұтамын, – дейді, әскери қызметші Бауыржан Оразбаев.     
Әскери бөлім басшылығы тарапынан тұрғын үй мәселелері бірлесіп шешілгенін де тілге тиек еткен жөн.
Отбасының үлкені Бекжан Тараз қаласындағы спорт мектебінде білім алып жүр. Келесі бауыры Ислам Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы жалпы білім беретін орта мектепте оқыса, ағаларының артынан ерген Нұржан биыл, алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы жатыр. Ал, отбасының ең кенжесі сүйкімді Айсұлу жақын күндері 4 жасқа толады екен.
Аға сержант Бауыржан Оразбаев әскери қызметтен келген бойда үй шаруасымен айналысады, отбасындағы жары Алтынаймен бірге ұлдары мен қызын тәрбиелеуге атсалысады
 2018 жылғы оқу жылының жауынгерлік даярлық қорытындысы бойынша «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің «Үздік жүргізуші» атағына ие болады.
 2019 жылдың жазында бүкіл дүниені дүр сілкіндірген коронавирус індетінің белең алуына байланысты Қарағанды қаласын дизенфекциялау іс-шараларына белсене атсалысқан әскери қызметші Бауыржан Оразбаев Қарағанды облысы әкімінің алғысына бөленеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша аталған пандемияға қарсы күресте ерекше көзге түскен аға сержант Бауыржан Оразбаев «Халық алғысы» медалін кеудесіне тағады.
 Тәуелсіздік жылдарында қызметін қатардағы сарбаздан бастап, бүгінгі күнде өнегелі әскери отбасы атанып отырған аға сержант Бауыржан Оразбаев биыл 40 жасқа толады. Дана халқымызда айтылғандай: «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, Отан алдындағы мінсіз қызметте асқан жауапкершілік танытып жүрген әскери қызметші Бауыржанның отбасына бақыт пен шаттық тілейміз! Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін биікке көтеріп жүрген бөлімше командирі, аға сержант Бауыржан Оразбаевтың  асар асуы әлі алда деп білеміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Тамыздың жиырма төрті - Туған жер күні

Бей Там 26 , 2021
Оқылды: 1  125 Қадірлі отандастар!  Сіздерді Қазақ күнтізбесіндегі тарихи күн 24 тамыз -Туған жер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ қазақ болғалы, ел мен жер үшін күрес күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Шамасы осыдан болу керек, ұлан-ғайыр қазақтың жері сонау Алтайдан бастап, Каспийге дейін созылып жатыр. Бұл елім-жерім деп саналы ғұмырын аттан […]