Індетке қарсы көмекке ірі компаниялар да әзір

Халықаралық ынтымақтастық аясында «Халық» қайырымдылық қоры мен Қытайдың «CNPC» Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы COVID-19-бен күресу үшін 4 миллиард теңге бөлді. Қордың Қамқоршылар кеңесі бұл қаражатты медициналық құрылғылар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға жұмсау туралы шешім қабылдады. 


Қордан бөлінген қаражат МРТ сканерлерін, компьютерлік томографтарды, флюороскопиялық және флюорографиялық жабдықтарды, ультрадыбыстық және эндоскопиялық диагностикалық құрылғыларды, сондай-ақ диагностика, коронавирустық инфекцияны емдеу және аналық безден кейінгі оңалту үшін өкпенің жасанды желдетуіне арналған жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Көмек Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына бағытталады.
«Пандемияның алғашқы күндерінен бастап бұл денсаулық сақтау саласындағы жай ғана төтенше жағдай емес, басқа да қатерлердің барлығын екінші сатыға сырғытқан халықаралық бірлестікке келген шынайы сынақ. Бірлескен, біріккен күш-жігердің маңыздылығы бұрынғыдан да айқындала бастады. Біз серіктесіміз CNPC корпорациясына коронавирустық инфекциямен күресте көрсеткен қолдауы үшін ризашылығымызды білдіреміз және бұл біздің елімізге, отандастарымызға айтарлықтай көмек болатынына сенімдіміз», – дейді «Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Динара Қулибаева.
«Вирус шекара мен ұлтты мойындамайды, сондықтан коронавирус пандемиясымен күрес жаһандық серіктестіктен бөлінбейді. Коронавирус эпидемиясының бүкіл әлемге таралуына қарсы тұру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсай отырып, біз серіктесіміз «Халық» қайырымдылық қорына осы ынтымақтастықты ауқымды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз, делінген CNPC корпорациясы өкілдерінің үндеуінде.
2020 жылдың наурызынан бастап «Халық» қайырымдылық қоры үкіметтің COVID-19-ға қарсы күрестегі шараларын белсенді түрде қолдап келеді. Бұған дейін Қор медициналық қызметкерлерге ақшалай төлемдер жасауға, медициналық мекемелерге қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде 6,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлген.

Дереккөз: https://ttjk.info/ сайтынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шығармашылық пен жаңаша ойлау жастарға серпін береді

Сей Жел 22 , 2020
Оқылды: 1  162 2020 жылдың 15-20 қарашасында Атырау Жастар сарайының «Jaspace» шығармашылық кеңістігінде “Azamat 3.0” білім беру бағдарламасының екінші кезеңі – “Жобалық менеджмент бойынша семинар” өтті. “Azamat 3.0” бағдарламасы бейресми білім берудегі инновациялық тәсілдемелердің көмегімен жастарды қазіргі заманауи әлемнің белсенді азаматтары болуға қолдауға бағытталған. Бағдарлама 18-24 жас аралығындағы белсенді жастарға арналған […]