Halyk Bank зардап шеккен кәсіпкерлерге көмктесті

Halyk Bank Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен микро-бизнес секторындағы қарыз алушыларына залал мөлшерін растаусыз бизнесті қалпына келтіруге 1 млн теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант бөлу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, банк осы санаттағы клиенттеріне 6 айға дейінгі мерзімге несие төлемі бойынша демалыс береді.

Онымен қоса, Halyk Bank өз клиенттері қатарына жатпайтын Алматының микро-бизнес өкілдеріне де қолдау көрсетеді. Оларға қалпына келтіру жұмыстарына, соның ішінде қажетті жабдықтарды сатып алуға 1 млн теңге аударады. Көмекке аса мұқтаж кәсіпкерлердің тізімін анықтау үшін банкте бизнеске келтірген залал бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

Алдын ала талдау қорытындысы бойынша басты зардап шеккен Алматының ірі сауда және ойын-сауық орталықтары: ЦУМ, “Мәскеу”, “Азия-парк”, “Апорт”, Promenade, Silk Way, “Мобилка” және Globus екені анықталды.

Бүгінгі таңда Алматыдағы СОО-да тиісті жерді жалға алған 500-ден астам микро-бизнес нысандары шығынға ұшырады. Әрбір тоналған микро-бизнес өкіліне материалдық көмек көрсету туралы шешімді банк кәсіпкерліктің осы сегментіне келтірілген зиянның көлемін бағалағаннан кейін қабылдады. Осылайша, бизнесі арқылы өз отбасын асырап, ел экономикасына үлес қосқысы келіп, әрдайым дамып отырған, жақсы өмір сүру үшін нақты қадамдар жасағандарға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.

“Мен ел үшін қиын кезеңде бизнесіне залал келген жандарға көмектесетінімізді айтқым келеді. Ол біздің клиентіміз бе, жоқ па маңызды емес. Қазір біз әр клиентпен тікелей сөйлесіп, кері байланыспен жұмыс істеп, нақты мәселені анықтап жатырмыз. Барлығын жоғалтып, үміт отын сөндіріп алғандар да бар. Оларға көмек қолын созатынымызды жеткізіп, бұл қиын кезеңді бірге бағындыратынымызды түсіндіру маңызды. Біз банк және Қазақстан экономикасының айнасы ретінде шағын және орта бизнесті қолдауға белсенді қатысамыз. Біз кәсіпкерлерді осыған дейін де субсидиялар, тиімді қаржыландыру, сондай-ақ жеңілдетілген кезеңдер мен төмендетілген мөлшерлемелерді ұсыну арқылы да әрдайым қолдап келдік”, – деді Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Банктен көмек алу үшін кәсіпкерлер жалға алып отырған сауда орталығының әкімшілігіне жүгінуі керек. Зардап шеккен микро-бизнес өкілдерінің тізімі банкке тапсырылып, талданғаннан кейін, банк 10 күн ішінде қаражатты аударады.

Бұл қадам – дағдарыс кезінде банк тарапынан кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың қосымша шараларының бірі.

Бұған дейін банк өз қаражатынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған “Қазақстан халқына” («Народу Казахстана») қорына 3 млрд теңге бағыттаған болатын. Біраз уақыттан кейін “Халық” ҚҚ “Қазақстан халқына” қорына 2 млрд теңге бөлетіні туралы мәлімдеді. Жалпы алғанда, Halyk тобы зардап шеккендерге көмек ретінде бағыттаған қаражаты күні бүгінге дейін 5 миллиард теңгеге жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мұғалім баланың оқуға деген ынтасын арттырудың тың жолын ойлап тапты

Жұм Қаң 21 , 2022
Оқылды: 945 Екібастұздық мұғалім Дария Дошимова оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін түрлі ойын технологияларын қолданады. Дария Дошимова Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №35 мектеп-гимназиясында “Кәсіпкерлік және бизнес негіздері” пәнінен сабақ береді. Сондай-ақ ол Youtube желісінде білім беру каналын жүргізеді және жалпы білім беретін пәндерді оқытуда геймификация әдісін пайдалануды […]