Хакатон бағдарламасы Қарағандыда

 «3.2.1. Старт!» жобасы аясында өз үлесіңді қос!

Күні: 7.12.21ж.

Мекен жайы: Қарағанды қаласы, Университетская 28, 4 қабат, 404 аудитория

Басталуы: 09:00 до 18:00     

2021 жылдың 7-ы желтоқсаны күні Қарағанды қаласында  жастарға арналған «3.2.1. Старт! әлеуметтік жоба аясында тренинг өткізу жоспарлануда. Білім беру жобасының негізгі мақсаты – БҰҰ-ның 17 жаһандық тұрақты даму мақсатының 5-еуіне қол жеткізу негізінде Қазақстан жастары арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және танымал ету. Атап айтсақ, сапалы білім, таза су және санитария, арзан және таза энергия, жауапты тұтыну және өндіріс, климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелерін шешетін жоба болуы керек.

Теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне қадам басу. Курсты аяқтағаннан кейін студенттерде әлеуметтік маңызды идеяларды жүзеге асырудың нақты қадамдық алгоритмі болады.

Тренер: Эмин Аскеров

Ақпарат үшін:

1 қазанда жас кәсіпкерлер  мен жастар арасында әлеуметтік жоба авторларының әлеуетін ашуға және қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасының жетінші маусымына өтінімдерді қабылдау басталды. Қатысушылар оқытудың мазмұнды инкубациялық бағдарламасынан өтеді, содан кейін үздік идея авторлары өз бастамаларын іске асыруға грант алу мүмкіндігіне ие болады.

 Өтінімдерді жинау кезеңі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін жүргізілетін болады. Өтінімді www.321start.kz сайтында және @321_start Instagram парақшасында да беруге болады.

 Аккредиттеу мәселесі бойынша  87784560999 телефонына хабарласуды сұраймыз.

Дереккөз: Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығы баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

"G-Global – 21 ғасыр әлемі"II Халықаралық конгресі

Сәр Жел 15 , 2021
Оқылды: 941 Бүгін «G-Global» II Халықаралық онлайн-конгресінің бірінші күні аяқталды. ХХІ ғасыр әлемі». Қаржы секторының болашағы «G-Global» II Халықаралық онлайн-конгресінің стратегиялық сессиясының негізгі тақырыбына айналды. ХХІ ғасыр әлемі». Қазақстанның жетекші банктерінің басшылары пікірталасқа қатысып, инновацияларды дамытудың, қаржылық қолжетімділіктің, қаржылық тұрақтылық тәуекелдерінің өзекті мәселелерін талқылады және банк секторын дамыту жолдарын ұсынды. […]