Қарағанды облысында экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорындарға айыппұл салынды. Жоспардан тыс жүргізілген тексерулер барысында анықталған заң бұзушылықтардың қоршаған ортаға, әсіресе ауа сапасына кері әсер ететіні белгілі болды. Экологиялық тексеріс нәтижесінде өңірдегі екі кәсіпорынның талаптарды бұзғаны анықталды. Соның бірі – «Карцемент» компаниясы, онда шаң мен газ қоспалары бар тазартылмаған шығарындылардың ауаға таралғаны […]

Майқұдықтағы «Оптимист» саяжай алқабында ауыз судың жайылуы салдарынан шамамен 60 саяжай ауласы зардап шекті, сондай-ақ төрт көшенің жол жабыны бұзылған. Тұрғындар жер телімдерінен айырылып қалудан және үйлеріне қауіп төнуі мүмкін деп алаңдап отыр. «Қарағанды Су» компаниясына қарасты №4 су құбырының жарылуы салдарынан саяжай аумағын су басқан. Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселе […]

Қарағандыда мемлекет және қоғам қайраткері Жақып Ақбаевтың 150 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік рухын оятқан тұлға» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылды. Танымдық іс-шараға 50-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Жақып Ақбаев – қазақтан шыққан алғашқы құқық магистрлерінің бірі, білікті заңгер әрі Алашорда үкіметінің мүшесі. Ол Санкт-Петербург университетінде білім алып, кейін заң саласында қызметін […]

Қарағанды қаласында мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне енгізілетін өзгерістер талқыланды. Елде Ту, Елтаңба және Әнұранды қолданудың жаңартылған ережелері қарастырылып жатыр. Бұл жаңашыл ұсыныстар облыстық деңгейде өткен семинар барысында кеңінен сөз болды. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Геральдикалық жұмыс басқармасы мен Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары […]

Қарағанды әуежайында ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Нысанның алдағы 25 жылдық дамуына арналған мастер-жоспар халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленді. Жоба аясындағы негізгі мақсат – мультимодальды әуе хабын қалыптастыру және оның негізінде ірі жүк логистикалық экожүйесі саналатын QarGoCity жобасын іске асыру. Бұл бастамаға мемлекет пен жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Әуежай аумағында […]

Қарағанды қаласында «ReStart» республикалық жобасы аясында кезекті эко-сенбілік өтті. Бұл шараға өңірдің екі ірі оқу орны — академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті мен Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Шараның шымылдығын ашқан эко-тренер Гүная Аллахвердиева қатысушыларға сенбіліктің мақсаты тек аумақты тазарту емес, қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру екенін […]

Қазақстанда қайта өңделген шикізатпен жұмыс істейтін суретшілерге, дизайнерлерге және креаторларға арналған республикалық «ECO ART QAZAQSTAN» байқауы басталды. Бұл бастама экологиялық өнерді дамытуға және шығармашылық арқылы саналы тұтыну мәдениетін насихаттауға бағытталған. Байқау қалдықтарды қайта ой елегінен өткізіп, олардан көркем туындылар жасайтын авторлар үшін алаң болмақ. Қатысушылар өнер арқылы өзекті экологиялық мәселелерді […]

Ақтөбе қаласында (Навалижан тасжолы, Оңтүстік айналма жол) республикалық «ReStart» жобасы аясында ауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара аясында — жастар арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық ойлауды дамыту мақсаты көзделген. Сенбілікке «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, CCI Kazakhstan ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің […]

Қазақстан Insider Global Education Index рейтингінде 0,092 балл жинап, 18-орынға ие болды және тұрақты дамып келе жатқан әрі халықаралық деңгейде ықпалдасқан білім беру жүйелері бар елдер тобына енді. Топ-20 ішіндегі бұл позиция саланың жүйелі трансформациясын және елдің жаһандық білім беру кеңістігіндегі ықпалының артып келе жатқанын көрсетеді. Қазақстан Польша (19-орын), БАӘ […]

Қарағанды техникалық университетінің Әбілқас Сағынов атындағы әскери кафедрасында қазіргі заманғы әскери дайындықтың ең сұранысқа ие бағыттарының бірі — ұшқышсыз авиациялық жүйелер мамандарын даярлау қарқынды дамып келеді. Технологиялық прогрестің жеделдеуі мен қарулы қақтығыстар сипатының өзгеруі жағдайында мұндай мамандардың армия үшін маңызы ерекше артып отыр. 2024 жылдан бастап «Арнайы әскерлерді жауынгерлік қолдану» […]