Бізді академиктер «таптап тастайтын» еді

 

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «ADAL BILIM» жобалық офисінің алаңында «Ғылымды қаржыландыру мен ғалымдарды қолдауда қандай проблемалар бар?» тақырыбы талқыланды. 

Тікелей эфир модераторы Ерболат Мұхамеджанның «Ғылымды қаржыландыру жүйесі қайта қарауды талап ете ме?» деген сұрағына 29 жасында халықаралық сыйлыққа ие болған математик Дұрвұдхан Сұраған жауап берді.

«Бізде у-шудың бәрі Ұлттық ғылыми кеңестен шықты, Ғылым туралы заңның әлсіздігінен шыққан жоқ. Бізде ғылымды қаржыландыру жүйесінде бірден бір өз функциясын дұрыс атқарып жатқан ұйым – Ұлттық сараптама орталығы. Дұрыс бағалап, қолдау көрсеткенінің арқасында жас ғалымдар елге де, әлемге де таныла бастадық. Әйтпесе бізді академиктер “таптап тастайтын” еді» – дейді математик жас ғалым Дұрвұдхан Сұраған.

Оның айтуынша, егер Ұлттық ғылыми кеңес дұрыс жұмыс жасаса, ғылым саласындағы барлық проблема шешіледі, қазір барлық құзіреттілік соларда. Қазақстанда ғылымды қаржыландыруда ҰҒК ең жоғарғы ұйым.

«Бірақ біздің менталитетіміз келмейді, жас мемлекет екенбіз. Бізде Ұлттық ғылыми сараптау орталығы жұмысын жақсы істейді. Сондықтан халықаралық жобадан балл алып келген жобаларға ҰҒК араласпауы керек, экспертиза жасауға олардың мүмкіндігі де, уақыты да, эксперттері де жоқ. ҰҒК деген қоғамдық жұмыс, тексергені үшін айлық төленбегендіктен экспертиза талап етуге де хақымыз жоқ. Әрқайсысы өзінің жұмысы бар адамдар емес пе?» деген пікір білдіріп, келесі мәселені шешу жолдарын ұсынды.

«Шешімі мынандай. ҰҒК жемқорлыққа итермелейтін шешім қабылдауға мүмкіндік бермеуіміз керек. Ғылыми сараптау орталығына бақылауды күшейту, дұрыс қадағалау. Ғылыми зерттеудің өту ұпайын 20-дан 24 баллға көтеру қажет. Балл алып келген кезден бастап, ақшасы берілу тиіс. Жобалар өту баллынан өтпей қалса, ақшаны келесі жылға қалдырса.  Ал бізде таратып береді. Өткен жылы 10%, 15% үстінен қосып берген жағдайлар болды. Бұл ұят нәрсе. Бұл бюджеттің ақшасы, артылса келесі жылға қалдыр немесе үкіметке қайтарып бер. Бізде міндетті түрде игеру керек деген қате түсінік бар» – дейді жас ғалым.

Дереккөз: ҚР БҒМ «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЗАҢДАСТЫРУ ҚАЖЕТ

Сәр Жел 2 , 2020
Оқылды: 1  301 Ғалымдардың жалақысын заң жүзінде қарастыру қажеттігін ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының экс-орынбасары Ләззат Құсайынова  ADAL BILIM платформасында өткен тікелей эфир барысында айтты. Қазақстандық ғылымды дамытуға және ғылыми жобаларға гранттық қаржыны бөлуге қатысты мәселелер ғалымдар арасында талқыланды. Эфир барысында Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығының президенті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі бойынша ғалымдардың […]