Қарағанды облысында құтқару жұмыстары жүргізілді

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Автожолдарды уақытылы жабу, сондай-ақ, ТЖ департаментінің күштері мен құтқару техникаларын көшіру, мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Өткен тәулікте Қарағанды, Теміртау, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Ақтоғай және Ұлытау аудандарында адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Қарағанды облысының ТЖ департаментінің күшімен 18 құтқару операциясы атқарылды. Шара барысында 47 адам құтқарылды. Оның ішінде 2 бала, 2 адам эвакуацияланды, сондай-ақ 2 жеңіл автокөлік қар құрсауынан шығарылды.
Қарағанды қаласында қар құрсауында тұрып қалған автокөліктен 2 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Теміртау қаласында Карьерная стансасында қалың қарға тұрып қалған жұмысшы автобустан 30 адам құтқарылды.
Ақтоғай ауданының Қасабай ауылынан 1983 жылғы жүкті әйел Ақтоғай ауылының медициналық мекемесіне жеткізілді.
Осакаров ауданында «Осакаровка-Нұра» автожолының 5 шақырымында қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөліктен 1 адам құтқарылды. Осы автожолда 16 шақырымда қар құрсауында тоқтап қалған көліктен 5 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1388 шақырымында техникалық ақаулы фурадан 2 адам құтқарылды. Құтқарылғандардың барлығы Осакаровка ауылына жеткізілді.
Ұлытау ауданында «Осакаровка-Нұра» автожолының 25 шақырымында қар құрсауынан 1 адам болатын автокөлік тазаланған учаскеге шығарылды.
Нұра ауданында «Нұра-Осакаровка» автожолының 40 шақырымында қар құрсауынан 2 адам болған автокөлік шығарылды.
Бұқар Жырау ауданында «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1080 шақырымында техникалық ақаулы фурадан 2 адам құтқарылды, олар Теміртау қаласына жеткізілді.
Абай ауданында Сарептадан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде 1964 жылы туған ер адам табылды және Шахтинск қаласына жеткізілді.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағында дабылды ескерту бар!
ТЖ департаменті ескертеді: төмен температура, жолдар қалың қар, көктайғақ, айналаны көрудің шектеулі кезінде жол жүруден бас тартуды ұсынады.
Жүргізушілер автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты бақылап, автомобильдің жарамдылығын мұқият тексерулері қажет. Қауіпсіздік шараларына қоғамдық көлік пен дизельді қозғалтқышы бар автомобильдердің иелері мен жүргізушілеріне ерекше назар аударуды сұраймыз.
Ауа райының құбылуы және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпарат «Дармен»мобильдік қосымшасында жарияланып тұрады.

Егерде төтенше жағдай туындаса: 112 немесе (8 7212) 43-36-36, 43-37-37  тел. нөміріне хабарласыңыздар.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жариялаған ақпараты бойынша.  

Келесі мақала

Қарағанды қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді

Бей Қаң 23 , 2020
Оқылды: 1  065 Қарағанды қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді, оларды бақылауды қала әкімдігі жанындағы штаб жүзеге асырады. Қарды жинауға және шығаруға қатысты барлық мәселелер бойынша қала тұрғындары 8-701-856-60-56 нөмірі бойынша хабарласа алады. Қарағанды қаласының әкімдігі қаланың барлық кәсіпорындарын іргелес аумақтардағы қарды уақытылы тазалауды, сондай-ақ өз қызметкерлері үшін жұмыс күнін […]