«Батыл Тойтарыс – 2023» стратегиялық әскери оқу-жаттығуы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері «Батыл Тойтарыс – 2023» стратегиялық әскери оқу-жаттығу жұмыстары аясында кешенді дайындықтарын өткізді.

Елімізде ағымдағы жылдың 21-25 тамызы аралығында Байланыс бас басқармасы қолбасшылығы – Қарулы Күштер байланыс әскерлері бастығының басшылығымен жыл сайынғы байланыс әскерлерінің кешенді оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты –әскерлерді тұрақты, үздіксіз, жедел және жасырын басқаруды қамтамасыз ету талаптарын орындау үшін далалық байланыс орталықтарын пайдаланудың максималды тиімділігіне қол жеткізу.

Оқу-жаттығу жұмыстарына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен байланыс бөлімшелері тартылып, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімшелердің бірі, 85510 әскери бөлімінің жеке құрамы өздерінің шеберлігі мен бөлімшедегі үйлесімділігін көрсетті. Дабыл бойынша іс-шаралар, шеру жасау, далалық бөлімшелердің байланысын өрістету, байланыстың барлық түрлерін ұйымдастыру, байланыс тораптарының қозғалысы, байланыс құралдарындағы оқу тапсырмалары мен нормаларын орындау, байланыс түйіндерін қатпарлау мәселелері пысықталды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде кешенді байланыс дайындығы жоспарлы түрде жүргізіледі және жеке құрамның сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы игеруінде өте маңызды рөл атқарады. Мұндай іс-шаралар байланыс қызметінде жұмыс атқаратын әскерилердің кәсіби деңгейін арттырады, заманауи техниканы пайдалана отырып, сапалы байланыс орнату мәселелерін іс жүзінде пысықтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті өз сөзінде, байланыс батальонының командирі майор Дәулет Сейтжапаров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мектепке жол акциясы

Жұм Там 25 , 2023
Оқылды: 576 Жыл сайын оқу жылы қарсаңында «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясынан қалыс қалмай, қатысып келеді. Дәстүр бойынша әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері көпбалалы отбасылардан құралған әріптестерінің мектеп оқушыларына алдағы оқу жылына кеңсе тауарлары салынған рюкзактарды сыйға ​​береді. «Астана» Өңірлік қолбасшылығында барлығы 15-тен астам көп балалы әскери […]