ҚАЗАҚ ТІЛДІ АДАМҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚИЫН

Ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйрететін әдістемелерді дамыту керек. Мұндай пікір «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің Фейсбуктегі парақшасында өткен эфир барысында айтылды. Тікелей эфирде «Еңбек нарығында қазақ-ағылшын тілді мамандар неге аз?» деген тақырып талқыланды. 

 Аталған мәселе жайында қазақ және ағылшын тілдерінің мамандары, медиа саласы қызметкерлері мен жұмыс беруші компания өкілдері арасында пікірталас туындады. «LINGVA TEN» тіл үйрету орталығының директоры Владислав Тен қазақ тілді азаматтадың ағылшын тілін үйренуі үшін көп уақыт кететінін айтты.

«Ең алдымен ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйрететін әдістемелерді дамыту керек. Бұл таза қазақ тілінде сөйлейтін аудитория үшін маңызды. Орыс тілін білмейтін қазақтарға ағылшын тілін меңгеруге көбірек уақыт кетеді. Себебі ағылшын тілі мен орыс тілі бір-біріне ұқсас. Айта кетсем, грамматика, сөздер бойынша ұқсас. Сондықтан екі тілде де, яғни қазақ тілі мен орыс тілін білетін қазақтарға ағылшын тілін үйрену өте оңай, – дейді ол.

Ал «Хабар24» арнасының шетелдік шолушысы, ағылшын тілінің маманы Ернат Мелсұлы Владислав Теннің жоғарыда айтқан пікірімен келіспейді. Оның айтуынша, ағылшын тілін орыс тілі арқылы үйрену жеңіл деген ой – қоғамда қалыптасқан стереотип қана.

«Біздің қоғамда ағылшын тілін орыс тілі арқылы үйрену оңай әрі қызықты деген қате пікір қалыптасқан, мен онымен келіспеймін. Ол стереотипті бұзуымыз керек. «Хабар24» арнасында таңғы жаңалықтарға орыс тілінде мүлдем шықпаған ақпараттарды ағылшын тілінен қазақшаға аударып, көрерменге ұсынамыз. Медиа саласында жұмысы ағылшын тілімен тікелей байланысты мамандардың жалақысы төмен. Оларға екінші сортты деп қарайды. Нақтырақ айтқанда, қазақ және ағылшын тілдерін бірдей дәрежеде білетін мамандарға қарағанда орыс тілі мен ағылшын тілдерін білетін адамдарды алғанды тиімді деп ойлайды. Нарықта қазақ-ағылшын тілді мамандарға сұранысты өзіміз тудырымыз керек», – дейді Ернат Мелсұлы.

Нарықта қазақ және ағылшын тілдерін бірдей дәрежеде меңгерген мамандарға деген сұранысты тудыру мақсатында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде биыл «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасы ашылды.

«КАЗГЮУ-ге бұл мамандыққа түсу үшін абитуриент қазақ тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырады. Оқуға түсуші ағылшын тілін төмен дәрежеде білсе де қабылдаймыз. 4 жыл бойы екі тілді қатар дамытып, қазақ-ағылшын тілдерін тең дәрежеде меңгерген мамандарды даярлаймыз. Қазақ тілін білетін мамандар болашақта өз елімізге қызмет ететін болады. Нарықта білім беру бағдарламасында оқып жатқан студенттер оқуын бітіргенде нарықта сұраныс тудырады деген сенімдемін», –  «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасының жетекшісі.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

НАРЫҚҚА ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН МАМАНДАР КЕРЕК ПЕ

Сей Жел 8 , 2020
Оқылды: 1  240 Жұмыс берушілердің айтуынша, еңбек нарығында ағылшын тілін жетік меңгерген қазақ тілді мамандар жетіспейді. Қазіргі таңда екі тілді тең дәрежеде игерген қызметкерлерге деген сұраныс әлдеқайда артқан. Десе де ондай мамандарды даярлайтын білім ордалары жоқтың қасы. Аталған мәселе ҚР БҒМ қарасты «ADAL BILIM» алаңында талқыланды. «Бұрын қазақстандық бірнеше университетте қазақ-ағылшын  […]