Бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндеттері көп. Солардың бірі-ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту әрі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстан аумағының жартысына жуығы-жартылай жазықтар мен шөлдер. Батыс бөлігінде таулардың жоталары орналасқан. Су ресурстары географиялық жағдайға байланысты тапшы. Ал өсімдіктері – жусан, қауырсын және бұта тектес көбінесе ұзақ құрғақшылыққа төзімділігі жоғары болып келеді.
Топырақ егіншілік үшін үлкен маңызға ие. Аумақтың көп бөлігі қоңыр және каштан топырақты, сондай-ақ қара топырақты. Қоңыр топырақтар мен сероземалар әлі де бар.
Бұл саланың дамуы қалай жүзеге асып жатыр және болашақта қандай жұмыстар жоспарланғаны жайында өңірдегі ауылшаруашылығы басқармасынан сұрап көрдік. Бізге Қарағанды облысы ауылшаруашылығы басқарамасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов жауап берді.
Бүгінде өңірдегі ауылшаруашылығының басты жетістіктері қандай?
2022 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісі көлемі 468,6 млрд.теңгені (2021ж.-409,1 млрд. теңге), нақты көлем индексі 101,8% (2021ж. Ұлытау облысын қосқанда-101,9%) құрады, оның ішінде мал шаруашылығы саласында-230,8 млрд. теңге, НКИ-101,3% (2021ж. -217,7 млрд. теңге, Ұлытау облысын қосқанда. НКИ-103,7%), өсімдік шаруашылығы саласында 237,4 млрд.теңге, НКИ-102,3 % (2021ж.-191,0 млрд. теңге, НКИ-99,5%).
Ет өндіру көлемі – 121,3 мың тоннаны немесе 2021 жылмен салыстырғанда 100,0% (121,2 мың тонна), сүт – 426,3 мың тоннаны немесе 2021 жылмен салыстырғанда 103,2% (413,2 мың тонна), жұмыртқа – 652,3 млн.дана 2021 жылмен салыстырғанда 103,9% (627,6 млн. дана) құрады.
Ірі қара мал басы 4,3% – ға (477,8 мың бас), жылқы 11,3% – ға (317,0 мың бас), қой мен ешкі басы 6,0% – ға (738,5 мың бас), құс 15,1% – ға (3602,9 мың бас) өсті.
2023 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісі көлемі 64,7 млрд.теңгені (2022 ж.-52,2 млрд. теңге), нақты көлем индексі 102,6% (2022 жылы Ұлытау облысын ескере отырып-102,3%) құрады, оның ішінде мал шаруашылығы саласында 63,7 млрд. теңге, НКИ-102,6% (2022 ж. -51,3 млрд. НКИ-102,3%), өсімдік шаруашылығы саласында 1,0 млрд.теңге, НКИ-100,0 % (2022ж.-0,9 млрд. теңге, НКИ-100,0%).
Ет өндіру көлемі – 26,3 мың тоннаны, былтырғы жылғы көлемде , сүт – 94,4 мың тоннаны, немесе 2022 жылмен салыстырғанда 101,7% (92,9 мың тонна), жұмыртқа 220,9 млн. дана, немесе 2022 жылмен салыстырғанда 118,5% – ды (186,4 млн. дана) құрады.
Облыста төрт түліктің саны қанша, неше гектарға бау-бақша, егін егіледі?
2023 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, ірі қара мал басы былтырғы жылмен салыстырғанда 4,9% -ға өсіп 622,0 мың басты (2022 ж – 592,8 мың бас), қой – ешкі 6,4%-ға өсіп 1008,9 мың басты (2022 ж – 948,5 мың бас), жылқы 12%-ға өсіп 393,0 мың басты (2022 ж – 350,8 мың бас) құрады.
Өсімдік шаруашылығы бойынша, жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарын себу алқабы 1005,5 мың гектарды құрайды, былтырғы жылғы көрсеткіштен 43,7 мың гектарға артық (2022 ж -1061,8 мың га), дәнді және дәнді – бұршақты дақылдары 957,2 мың гектар алқапқа, (немесе 25,7 мың га артық), майлы дақылдар – 59 мың гектарға (0,6 мың га артық), азықтық дақылдары – 76,2 мың гектар (біржылдық және көпжылдық шөптер) (16,5 мың га артық) алқапқа себіледі.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарында картопты 12,0 мың гектарға (526 га артық), көкөністі – 1,7 мың гектарға (274 га артық) отырғызылады.
Фермерлікті жаңадан бастағандар ең бірінші неден бастағаны жөн, табысқа жету үшін алғашқыда немен айналысқаны тиімді?
Жалпы ауыл шаруашылығы саласын таңдап, фермерлікті бастау үшін әр тұлға, өңірдің табиғи – климаттық ерекшеліктерін, қай салаға қолайлығын ескере отырып, қандай бағытта жұмыс жүргізетінін белгілеп алу қажет. Бұл шаруашылықты бастап, табысқа жету жұмысы 1-2 жыл ішінде ретке келетін сала емес. Кем дегенде 5-6 жыл қажырлы да табанды еңбекті талап етеді. Жұмысты бастау үшін ең бастысы шаруашылық жүргізуге қажетті жер телімі болуы қажет. Жерді көпжылдық жалға алу үшін аудан әкімдігіне жүгінеді. Жер телімі бар шаруашылық жұмыс бастауға қажетті қаржы алуға «АгроНесиеКорпорациясы» АҚ арқылы несие алуға болады. (Кепілдігі болған жағдайда 5% мөлшерлемен). Бұл қаражатқа мал алып өсіріп, шаруашылықты дамыту бағытында жұмыс жүргізу қажет. Кейін қажетті техника алу қажет болады.
Шаруашылықты жаңа бастағандарға, мал шаруашылығымен, егін шаруашылықтарымен айналысатындарға қандай жеңілдіктер бар? Биыл фермерлер үшін қандай субсидиялар бөлінді?
Мал шаруашылығы Қарағанды облысы экономикасының аграрлық секторының негізгі салаларының бірі болып табылады. Жалпы мал шаруашылығының тұрақты дамуына және мал мен өндіріс көлемінің өсуіне мемлекеттік қолдау қарастырылғын.
2022 жылы мал шаруашылығы саласы бойынша 4 785 шаруашылыққа 7 991,7 млн. теңге субсидия төленді.
Ағымдағы жылға осы бағытта 5 млрд. теңгеден аса қаржы қарастырылған. Субсидия негізінен, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасына сәйкес, мал шаруашылығын қолдау мақсатында субсидиялауға келесі салалар жатады:
– Ірі қара мал шаруашылығы:
-Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу (Ірі қара малдың тауарлық аналық басына 10 мың теңге, асыл тұқымдық аналық басына 20 мың теңге,)
-Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу (Отандық – 150 мың теңге, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған- 225 мың теңге, Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған -300-400 мың теңге, Шығу тегі асыл тұқымдыға сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын сатып алған үшін -150 мың теңге);
– Қой шаруашылығы:
– Қойлардың тауарлық аналық басына 2,5 мың теңге, және асыл тұқымды аналық басына – 4 мың теңге,
– Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алғаны үшін– 15 мың теңге,
– Импорттан асыл тұқымды аналық қойларды сатып алғаны үшін – 30 мың теңге,
– Импорттан асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алғаны үшін 150 мың теңге;
– Жылқы шаруашылығы:
– Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алғаны үшін 100 мың теңге);
Өсімдік шаруашылығы бойынша 2022 жылы 1096 шаруашылыққа 5 522,7 млн. теңге субсидия төленді.
Биылғы жылға, өсімдік шаруашылығына мемелкеттік қолдау аясында, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін субсидиялауға 3 млрд. 638 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:
– «Тұқым шаруашылығын субсидиялау» бағдарламасы бойынша – 524,8 млн. теңге; (5,0 тн – бірегей тұқымға 3 085 тн – элитаға, 3 830 тн – 1 репродукциялы тұқымға)
– «Гербицидтер құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша – 1 млрд. 577,3 млн. теңге;
– «Минералды тыңайтқыштарды субсидиялау (органикалықты қоспағанда)» бағдарламасы бойынша – 768,0 млн. теңге;
– «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметінің құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша – 206,1 млн.теңге.
Бүгінгі фермерлерге не жетіспейді, ауылшаруашылығының ішінде қай түрімен баса айналысу қажет? Қандай өнімдер сұраныста?
Бүгінгі фермерлерге көрсетілетін мемлекет қолдау көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Жұмысты бастар алдында жан – жақты саралап, дұрыс жоспар құрып кірісетін болса барлығы жеткілікті.
Кәзіргі таңда, ауылшаруашылығымен әртараптандыра отырып айналысқан дұрыс, яғни дақылдар тізімін ұлғайтып азықтық дақылдарға көңіл бөлген жөн. Біріншіден азықтық дақылдарды ауыспалы егістікке енгізу, ол жер құнарлығына жақсы әсер етеді, екіншіден бүгінгі таңда сапалы мал азығына сұраныс өте жоғары. Сол себепті тек қана бір бидайды себуден, майлы дақылдар мен көп жылдық шөптерді ауыспалы егіс тізіміне енгізген абзал.
Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің өнімдері ішкі нарықтың қанша пайызын қамтиды?
Жалпы өңірімізде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының 14 түрі өндіріледі. Оның ішінде аталған азық түлік тауарлырының 8 түрі бойынша өндіріс және тұтыну балансына сәйкес – облыс тұрғындарын толық түрде өзін-өзі қамтамасыз етеді (100%) (1 сұрыпты бидай ұны, 1 сұрыпты ұннан жасалған нан, картоп, сиыр еті, құс еті, макарон өнімдері, жұмыртқа, сәбіз).
6 түрі бойынша қамтамасыз ету пайызы 5 – 38% аралығындағы көрсеткішті (қырыққабат – 37,4%, айран – 31,5%, сүзбе – 18,7%, пастерленген сүт – 8,6%, сары май-7,4%, пияз-4,4%) құрайды.
Облыста өндірілмейтін 5 түрі бойынша (қарақұмық, күріш, қант, өсімдік майы, тұз) қажеттілік сырт өңірлерден жеткізілуі есебінен қамтамасыз етіледі.
Облыста астықтан басқа экспортқа не шығады, қай елдерге?
Облыс бойынша экспортқа ауыл шаруашылығы өнімдерінен астықтан басқа, ұн, макарон өнімдері, тауық жұмыртқасы, картоп және көкөніс, майлы дақылдар, кебек, балық, ет өнімдері шығарылады. Экспортқа жіберілетін өнімдердің басым бөлігі Ресей, Белорус, Армения және Қарғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне жөнелтіледі.
Мал тұқымын асылдандыру, бау-бақша, егістік дақылдардың тұқымдарын жетілдіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Селекциямен кімдер, қалай айналысады? Нәтижесі қандай?
Өңіріміздегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан малдың басын көбейтумен қоса, олардың сапа жағына көп көңіл бөлінеді. Бұл іс-шаралар асыл тұқымды мал сатып алумен қатар, тауарлы аналық малды тұқымдық түрлендіру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет тарапынан осы бағытты жетілдіру мақсатында қомақты қолдау қарастырылған. Мал шаруашылығында асыл тұқымды аналық, аталық бас сатып алған жағдайда, тұқымдық түрлендіруге қатысқаны үшін және т.б. субсидия қарастырылса, егістік дақылдарының тұқымдарын жетілдіру үшін, мемлекет тарапынан «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы іске асып жатыр. Бағдарлама бойынша биылғы жылға 547,1 млн теңге қаражат көлемінде мемлекеттік қолдаулар қарастырылған. Бұл бағдарлама, өңірдегі ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің жоғарғы репродуктивті сапалы тұқымдарды қолданып, өнімділікті арттыруға әсер етеді.
Нәтижесінде, мал шаруашылығында, 2022 жылы облыс бойынша асыл тұқымды мал басының үлесі: ірі қара малда – 10,3 %-ды, қой малында – 5,5%-ды, жылқы – 2,3%-ды құрады. Сонымен қоса, тіркелген барлық аналық мал басының (242,4 мың бас) 32,8 % -ы, немесе 79,6 мың бас ірі қара мал аналығы тұқымдық түрлендірумен қамтылған.
Ағымдағы жылдың 4 айында, тұқымдық түрлендіруге қатысып отырған аналық басы 49,9 мың басты немесе 20,6 % құрап отыр.
Өсімдік шаруашылығында, облысымызда бау-бақша өнімін өсіру бағытында шаруашылықтар жоқ.
Сапалы астық тұқыммен қамтамассыз ету бағытында, облыс бойынша 4 элиталық шаруашылық, атап айтсақ: «Шахтерское» ЖШС Нура ауданы, «Астра-Агро LTD» ЖШС Абай ауданы, «Шерубай Су» ЖШС Шет ауданы, «А. Ф. Христенко атындағы КарАШТС» Бұқар-Жырау ауданы,
Сонымен қатар 5 тұқым шаруашылығы – «Шанс» ШҚ және «Астра-Агро LTD» ЖШС Абай. «Шахтерское» ЖШС Нұра, «Шерубай Су» ЖШС Шет, «А.Ф.Христенко атындағы КарАШТС» Бұқар-Жырау ауданы, өз қызметтерін атқарады.
Аталған шаруашылықтар ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық және бірінші репрадукциялық тұқымдарын өндіріп өңірдің шаруа қожалықтарын тұқыммен қамтамассыз етуге үлестерін қосып келеді.
Бұдан басқа облыс шаруашлықтары басқа облыстардың элиталақ және тұқым шаруашылықтарынан тұқым сатып алып, тіпті шет елдерден тұқым алып пайдаланады.
Осы жұмыстар нәтижесінде жоғарғы репродуктивті тұқым қолдану пайызы облыс бойынша 90% – ға жетіп отыр.
Өңірде ауылшаруашылық жерлері қаншалықты тиімді қолданылып жатыр? Оны қалай бақылайсыздар?
Жерді жалға беру мәселесі аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдардың (әкімдік) құзырына жатады. Дегенмен, жер телімін жалға алу барысында, әр жеке тұлға және жергілікті әкімдік арасында жерді тиімді пайдалану бойынша шарт жасалады. Шартқа сәйкес жерді өз мақсатында (жайылымдық жер болса, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстап, өсіру, егістік жерлеріне ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Шаруашылық тарапынан жерді тиімді пайдаланылуы аудандық, қалалық құзырлы органдармен (жер қатынастары бөлімдері) үнемі бақылауда болады.
Жаңа техниканы алатын шаруаларға қандай мүмкіндіктер қарастырылған? Шет елдермен ауылшаруашылық техникаларын жеткізуде келісімшарттар бар ма?
Өңір шаруашылықтарымен тұрақты түрде машина – трактор паркін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Ағымдағы жылы осы бағытта жүргізілген жұмыс көрсеткіші өткен жылдың деңгейінен жоғары. 2023 жылдың 4 айында 234 бірлік техника сатып алынды, ал өткен жылдың осы кезеңінде барлығы 214 бірлік сатып алынған.
Сонымен қатар, 2022 жылы барлығы 1291 техника сатып алынды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 33 бірлікке артық (1258 бірлік).
Мемлекеттік қолдау аясында 1,5 мың шаруашылық ауыл шаруашылығы техникасы мен құралдарын сатып алғаны үшін «Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу» бағдарламасы бойынша 6 млрд. теңге сомасында субсидия алды.
2023 жылға аталған бағдарлама бойынша 9 млрд. 234 млн. теңге қарастырылған. Бұдан басқа, техниканы алу үшін несие алушыға «Ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға несие беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» бағдарламасы бойынша 4 млрд.теңге төленеді.
Жаңадан қандай бағдарламалар енгізіліп жатыр? Қазіргі таңда қандай жаңа технология, тың әдістер қолданылады?
Казіргі таңда ресурс және ылғал үнемдеу технологиясы қарқынды қолданылады. Оның мәні тұрақты жоғары өнімділікті сақтай отырып, өндірілген өнімнің бірлігіне шығындарды азайту. Жаңа әдістер ең жоғары шығынды және энергияны көп қажет ететін топырақ өңдеу операцияларын азайтуды немесе тіпті толығымен алып тастауды қамтитын технологияларды енгізудегі жалпы шығындарды үнемдеу кейде 50 пайызға дейін жетеді.
Соңғы жылдары ылғал үнемдеу технологиясы біздің облыста да қолданады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер баяу, бірақ біртіндеп осы технологияға көше бастады. Егер бұл технология 2020 жылы 440 мың гектар аумақта қолданылса, ал ағымдағы жылы ол 671,1 мың гектарды құрады. Осыған байланысты осы бағыттағы жұмыс барысында Нұра және Осакаров аудандары көшбасшы болып табылады, онда прогрессивті технологиялар бойынша 357 мың гектар алқапқа дәнді-дақылдар егілді.
Үнемдеу технологиялары ауылшаруашылығы тауарын өндірушіге айтарлықтай пайда әкеліп қана қоймай, қоршаған ортаның экологиясына да пайдалы екенін есте ұстаған жөн. Нұра және Осакаров аудандары шаруашылықтарының табысты тәжірибесі, біздің жерімізде ресурс үнемдейтін технологияларды пайдалану мүмкін және қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Әрине, барлық жаңа нәрселер белгілі бір қорқынышпен қабылданады. Дегенмен, жыл сайын шаруашылықтардың көбісі ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізудің маңыздылығы мен пайдасын түсініп келеді.
Ауылшаруашылығы саласының өзекті мәселесі және алдағы жоспарларыңыз бен алдағы жылдарға болжамдарыңыз.
Ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны тұрақты түрде жалғаса береді. Ағымдағы 2023 жылға межелеп отырған көрсеткіштерге қол жеткізу бағытында жұмыстар жүргізіледі. Оған қол жеткізу үшін мүмкіндік те, әлеует те жеткілікті. Жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру көлемі 502,7 млрд. теңгені құрап, 2022 жылғы көрсеткіштен 107,3% – ға артық болады деп күтіліп отыр. (468,6 млрд. теңге). Нақты көлем индексі 103,0% – (2022 жылы -101,8%) құрайды. Ет өндіру көлемі – 123,5 мың тоннаны құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 101,8% –ды (121,3 мың тонна), сүт өндірісі – 438,7 мың тоннаны немесе 2022 жылмен салыстырғанда 102,9% -ды (426,3 мың тонна), жұмыртқа өндірісі – 701,3 млн. дана, немесе 2022 жылмен салыстырғанда 107,5%-(652,3 млн. дана) құрайды деп күтіледі. Агроөнеркәсіп кешені саласына тартылатын инвестиция көлемі – 35,5 млрд.теңгені, нақты көлем индексі – 117,0%-ды (2022 жылы – 30,3 млрд. теңге), оның ішінде ауыл шаруашылығына – 32,0 млрд. теңгені, НКИ-113,0% (2022ж. -28,3 млн. теңге), тамақ өнімі өндірісіне – 3,5 млрд. теңгені, НКИ-172,3% – (2022ж.- 2,0 млрд. теңге) құрайды деген жоспарда бар.
Қорытындылайтын болсақ, жалпы Қазақстанда бұл саланың дамуы 50-ші жылдары басталды. Экономикадағы дағдарысқа байланысты Кеңес өкіметі егіс алқаптарын барынша кеңейтуге шешім қабылдады. Сол кезде Қазақстан аумағында тың жерлерді игеру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Айта кету керек, бұл астықтың рекордтық өнімін жинауға мүмкіндік берді, алайда бұл фактор мал шаруашылығының дамуына теріс әсер етті, өйткені жайылымдар үшін аумақ күрт азайды.
60-80 жылдары осы саланың барынша қарқынды дамуы басталды. Кооперативтік меншік мемлекеттік меншікке айналды және бұл қаржыны бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді. Осыған байланысты фермерлердің көпшілігі ауылдан кетіп, Үкімет басқа одақтас республикалардан жұмысшыларды тартуға мәжбүр болды.
Қазір жердің барлығы дерлік жеке фермерлердің қолында және көптеген жылдар бұрынғыдай ет және сүт өнімдеріне қатысты күрделі мәселе бар. Ауыл шаруашылығын келесі белгілермен сипаттауға болады:
– мал шаруашылығын дамытудың және жүн мен тері өндірісінің жоғары көрсеткіштері;
– өсірілетін дақылдардың көп бөлігі мақта, майлы дақылдар, жеміс-жидек және дәнді дақылдардан келеді;
– Қазақстан ұн мен бидайдың 10 ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады;
Экономикадағы ауыл шаруашылығы- бұл экономиканың негізгі салаларының бірі. Жыл сайын ол бюджетке кірістің шамамен 38% береді. Бұл салада еліміздің барлық жұмыс күшінің шамамен 16%-ы жұмысқа орналастырылған. Айта кету керек, Қазақстанда ауыл шаруашылығы 1 адамға 967 кг астық өсіру бойынша әлемде 2 орында тұр, алайда мал шаруашылығының өнімділігі өте төмен және Қазақстанның бұл көрсеткіші — 142 орын.
Елдің ауыл шаруашылығы салалары бойынша, жалпы Қазақстанда дәстүрлі түрде 2 негізгі сала ұсынылған:
– Өсімдік шаруашылығы-ауыл шаруашылығының негізі. Ел аумағында жүгері, сұлы, тары, арпа, қарақұмық, күріш және жаздық бидай сияқты дақылдар өсіріледі. Майлы дақылдар мен қант қызылшасы да айтарлықтай аумақты алып жатыр. Сондай-ақ, жүзім, қауын, алма, картоп, зығыр және мақтаны атап өтуге болады.
– Елдегі мал шаруашылығы ірі қара мал, сондай-ақ ешкі, шошқа, түйе, жылқы және қой өсірумен ұсынылған.
Сұрақтарды дайындаған: Күнсұлу Серік
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультетінің 3 – курс студенті