Балалар үйіне базарлық. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Шапағат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бүлдіршіндеріне, Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық Атқару Жүйесі Департаменті №32 мекемесінің қызметкерлері Наурыз мейрамы қарсаңында балдырғандарға қамқорлық танытты. Әр мереке сайын №32 мекеме қызметкерлері балалар үйіне барып, жаутаңкөз ботақандарды құттықтап, сыйлықтар үлестіреді. Сыйға тартылған ойыншықтар мен ұлттық үлгідегі […]
Ұлты неміс болса да, жастайынан қазақ елінің қуанышына да, жұбанышына да ортақтасқан апамыз, Спасск оқу-жаттығу полигонына қарайтын қалашықта тұрып жатыр. Қаршадай жасынан қару сұрапыл соғысты көріп, тағдырдың қиын кезеңдерін басынан өткерген, ақжаулықты ана тоқсанның төріне келсе де, Разия Асанова сеніміне селкеу түсірмей келе жатқан өнегелі жан. «Бейнеттің зейнеті бар» дегендей, […]
Алматы облысында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Өңірдің түкпір-түкпірінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, халқымыздың тарихынан сыр шертетін көрмелер ұйымдастырылды. Алматы облысының орталығында Ұлыстың ұлы күнін тойлату ағаш отырғызу рәсімінен басталды. Рәсімнің шымылдығы қариялардың ақ батасымен ашылып, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Облыс әкімі 1-шағын аудандағы 17-үйдің […]
2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілді. 19 миллионнан асатын халқы бар елде тіркелген 12 миллион 32 мың адамның 6,5 миллионы өз таңдауын жасады. Сайлауға ресми түрде тіркелген 7 саяси партия мен 525 үміткер қатысты. «Еуразиялық интеграция институтының» ЖШС жүргізген Еxit poll нәтижесі шықты: «Аманат» – […]
Темірбек Қараұлы Жүргенов (1898-1938) Қазақ өнерінің,мәдениетінің және әдебиетінің қанат жаюына қыруар еңбкк еткен, алаш ардақтысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Темірбек Жүргеновтің есімі тек қазаққа жұртына емес бүкіл түрік халқына мәлім, төрт мемлекеттің тарихында өз атын қалдырған ұлы тұлға. Темірбек Жүргенов ұшқыр ойлы, қаламы қарымды публицист, еңбек қызыл ту орденінің […]
AM Best агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылғы 16 наурыздағы ресми мәлімдесінде «Халық-Life» АҚ (бұдан әрі-Компания) қаржылық тұрақтылық рейтингін «B+» – ден «B++» – ге дейін, сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «bbb –» – ден «bbb» – ге дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты». Компанияның ұзақ мерзімді рейтингтері […]
2023 жылғы 16 наурызда «Шымбұлақ» тау курортында «могул», «параллельді могул» және «шаңғы акробатикасы» түрлері бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерін өткізу шеңберінде БАҚ үшін баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатының спикерлері болып «Шымбұлақ»ТК бас директоры Ринат Абдрахманов, «ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы» ФА ЗТБ бас хатшысы Аскар Валиев және FIS Халықаралық шаңғы спорты федерациясының фристайл жөніндегі рейс директоры Андреа Риналди сөйледі. Спикерлер іс-шаралар бағдарламасы туралы, ҚР ұлттық құрама командасының құрамы, қатысушы елдер туралы және могул мен […]
Стамбұлда қызғалдақ маусымы көктемнің келуін білдіреді. Жыл сайын сәуір айында қаланың ең танымал жерлерінің кейбірі көктемгі қызғалдақтармен безендіріліп, хас сұлулықтың мерекесіне айналдырады. Сұлтанахмет алаңында қызғалдақ өсірудің аквакультура әдісімен үлкен қызғалдақ кілемі “тоқылады”. Бұл таңғажайып көрініс жергілікті тұрғындарды да, шетелдік қонақтарды да баурап алады. Осыған ұқсас түрлерді Стамбұлдағы Эмирган тоғайы, Гүлхане […]
Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиумы (WSCM) 25-30 сәуірде Стамбұлда өтеді. Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі ұйымдастыратын симпозиум Стамбұлдағы Бейоғлы ауданының тарихи орындарында, әсіресе, Ататүрік мәдени орталығында әлемнің ең үздік хор ұжымдары мен тәжірибелі мамандардың басын қосады. Конгресс туризмі (MICE) бойынша әлемдегі жетекші қалалардың бірі ретінде Стамбұл жыл сайын түрлі […]
Мұхтар Әуезов атындағы Қарағанды қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Майқұдық елдімекеніндегі №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалында Мартбек Мамыраевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Батырды еске алу» атты ерлік сабағы өткізілді. Іс-шараға Жақып Ақбаев, Юрий Павлов және Жұмабек Тәшенев атындағы мектептердің оқушылары қатысты. Филиал меңгерушісі Гүлмаржан Болатқызы Қосжан оқушыларға Мартбек Мамыраевтың өмірі […]

