Қасымның отты жырынан қуат аламыз.

Ұлы даланың ұлы ақыны – Қасым Аманжолов
44803 әскери бөлімінің жеке құрамы мен Қарағанды қаласының Мұхтар Әуезов атындағы орталық кітапханасы бірлесе отырып «Ұлы Даланың Ұлы ақыны – Қасым Аманжолов» тақырыбында кеш ұйымдастырды. Әскери қызметшілер мен сарбаздардың қатысуымен өткен жиында еліміздің тарих беттеріндегі оқиғалар бойынша мағлұматтар айтылды.

Биыл қазақтың өршіл ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойы. Мұхтар Әуезов атындағы орталық кітапхананың қызметкерлері тарихи деректерге сүйене отырып, Zoom платформасында онлайн режимде ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, кітап көрмесін ұсынды. Іс-шарада сарбаздар Қасым Аманжоловтың құрметіне өлеңдер оқып, әндерін шырқады. Танымал туындылар қатарында «Дариға сол қыз», «Өзім туралы» әндерінің шығу тарихы баяндалды.
«Қасым Аманжоловтың поэзиясы халыққа жақын, адамды батырлыққа, жомарттыққа, бауырмалдыққа, махаббатқа, алғырлыққа тәрбиелейді. Поэзия жанрының тәрбиелік маңызы зор. Қасымның мейлінше жағымды, лепті, күйлі, сыршыл – әр ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын өлеңдері сондықтан да ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Қасым халықтың жанына үңіліп, оның шаттығына бірге шаттанады, мұңына бірге мұңаяды… Біз бүгін қан майданда отан қорғап, елі үшін аянбаған ақын өмірімен таныстық. Мұндай кештің орын алуы, бізді қуантады», – деді мерзімді қызметтегі әскери қызметші Георгий Подкуров.

 

Айта кетейік, ақын 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Ол жастайынан жетім қалып, бірнеше жыл нағашысының қолында тәрбиеленді. Жас ақын есейгенде, сол кезде, жақында ашылған ауыл мектебінен білім ала бастайды. 1924 жылы Семейдегі мектеп-интернатта білімін жалғастырған. Қасым 1927 жылға дейін сол мектепте білім алады. Содан кейін үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқыған. Аталмыш уақыт ішінде ол өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады. 1941-1946 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Қызыл Армия қатарында қызмет атқарды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскери бронды машина сынақтан өтті

Бей Ақп 25 , 2021
Оқылды: 1  490 Қазақстандық әскери қызметшілер шетелдік бронды машиналарды сынақтан өткізіп жатыр. Қарулы Күштердің қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық нарығын зерттеу аясында қазақстандық сарапшылар ARMA-8×8 түрік бронды машинасының мүмкіндіктерін бағалады. Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында NEFER жауынгерлік үлгідегі ARMA-8×8 брондалған дөңгелекті машинаның мүмкіндігі көрсетілді. Көліктің жауынгерлік мүмкіндіктері мен борттағы қару-жарағы тәуліктің түрлі мезгілінде […]