Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жас Орда» Жастар қауымдастығының жанындағы «AQNIET» Жастар Қайырымдылық Ұйымы «Мектепке жол акциясы» аясында қаражат жинады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына дайындалуға жәрдемдесу.
Нәтижесінде жиналған 160 000 көлеміндегі қаражатқа 16-отбасы, оның ішінде 60 балаға оқуға қажетті керек жарақтар алынып, табысталды. Жалғыз басты аналарға балаларын мектепке дайындау үшін, оқу құралдарымен, киім кешектерін алуға жәрдем көрсетілді.
Қайырымдылық қорының ұйымдастырушылары барша көмек көрсеткен жандарға мен құпия демеушілерге ақжарма алғыстарын білдіреді.