Ант қабылдады

Қазақстан Республикасының қарулы күштері запастағы офицерлер мен сержанттармен толықты. Салтанатты жағдайда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің әскери кафедрасының 517 түлегі ант қабылдады.

Салтанатты шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Құдайберген Бексұлтанов, университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абай Қалықов, әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, түлектердің ата-аналары мен достары қатысты.

Құдайберген Бексұлтанов студенттерді Әскери ант қабылдауларымен құттықтап, бұл шараның маңыздылығын атап өтті:

– Әскери ант қабылдау – ерекше тарихи рәсім. Бұл азаматтың мемлекет пен халық алдындағы міндетін айшықтайтын ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр», – деп атап өтті депутат. – Сіздер әскери-тактикалық дайындықты, оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, емтихандарды сәтті тапсырдыңыздар. Қазір сіздер Қазақстанның жұмылдыру резервінің мамандарысыздар.

Салтанатты ант қабылдау рәсімінен кейін үздік түлектерге техникалық университет ректорының атынан грамоталар табысталып, оқуда озат болған студенттердің ата-аналарына әскери кафедра басшылығының алғыс хаттары табыс етілді.

Іс-шара студенттердің демонстрациялық қойылымдарымен, вальспен және салтанатты маршпен аяқталды.

Әскери кафедрада оқу екі жылға созылады, оқуды бітіргеннен кейін студенттер лейтенант және сержант шендерін алады. Студенттер үш цикл бойынша дайындалады: артиллерияны жауынгерлік пайдалану, танк бөлімшелерін жауынгерлік пайдалану, арнайы жасақтарды жауынгерлік қолдану.

Университеттің әскери кафедрасы өзінің қызмет еткен 71 жыл ішінде, одан 22 мыңнан астам запастағы офицерлер мен сержанттар білім алды, олардың көпшілігі әлі күнге дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде және басқа да құқық қорғау органдарында абыроймен қызмет атқаруда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жеңіс қолда

Бей Мау 27 , 2024
Оқылды: 214 Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды ​​республикалық «Жас Ұлан» мектебінің оқушылары «Айбын» Х Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары мен Гран-при иегерлері атанды. Жастардың әскери-патриоттық жиыны Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында өтті және №1 Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, […]