Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.
Келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады
Сондай-ақ, талапкерлер «Алтын белгіні» ақтау үшін алгебра пәнін Назарбаев Зияткерлік Мектебінде тапсырады деген мәлімдеме шыққан болатын. Бұл өзгеріс келесі жылға шегерілді.
Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ алтын белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді.
Аида Нурадинова
Нұр-Сұлтан қаласы, 65 мектеп-гимназияның
11 сынып оқушысы