Айтарым бар…

«Біз біргеміз»,-деген акция бүгінде өрлеп тұр. Әрине, еліміздің іргесі бүтін, бірге болайық! Үкімет басшылығы бастаған акция еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасуда.  Мұхтар Әуезов атамыз осындай бір жаппай науқанда айтқан екен:

-халық сойылды бірге соғысады. Үлеске келгенде құм асайды,-деп. Бұл науқанды да соңында Ұлттық қордағы және басқа да жиналған қорлардың есебін мамандар есептеп шығарып, нәтижесін халық сұрағанда көрерміз. Үйде отырып іші пысқан жұрт та әлеуметтік желіде мұндай акцияның алуан түрін ойлап тауып, бірі тақырбас, бірі сақал қойып, өлең оқып, басқа да түрлі-түрлі қолдан келген челленджді жүргізіп жатыр. Осы бір акция мен челлендж жайында белгілі этногроф-жазушы Төрехан Майбас ағамыз тұщымды ойын ақтарыпты. 

http://aimaq09.kz/–өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Біз сақалды, атасақалды, ақсақалды құрметтеген жұртпыз. Қазір бізде сақалын алға салар жан қалмады. Елбасыдан бастап. Күні кеше Елбасы Прьемерді қабылдады. Екі қазақ отырып алып екі тілде сөйлесіп отыр. Президент қатысқанда үш тілде (орыс, қансу,қазақ) сөйлесер ме еді деп еріксіз ойланасың.
Сонда біздің осыған дейін «Біз біргеміз!» деп сұңқылдап келгеніміз қайда?
Рас, көше сыпырғанда бірге болдық, қар күрегенде бірге болдық.
ҰҚ 90 млрд. доллар бар екен.
Оған ерініміз тие қояр ма екен?
Біз шынымен біргеміз бе?

Елдің зымыран, ұшақ шығаратын зауыттары бəрін жиып тастап тұмша шығарып жатыр.

Мүтіл дүние тұмшаланып жатыр.
Ал біздегілер оны қажет деп таппай отыр.
Өздері болса тұмшаланып алған.
Осыдан кейін де…
Біз біргеміз деп айта аламыз ба?

К-19 ауру түрі емес.Ол-вирус. Ол өздігінен өмір сүре алмайды. Ол өмір сүру үшін ағза керек. Ағза өліп қалса ол да өмір сүрмейді. Олай болса қатар өмір сүре алады екенбіз. Ол ауру болмаса оның дәрісі де болмайды. К-19-дан емделген пенде жоқ.
Одан қорғанудың бір’ақ жолы бар.
Ол-оқшаулану. Үйде отыру. Жұрт оған бейілді. Алайда тамағын қайтып асырайды? Бүгінде сау қазақ жоқ. Дәрмектің (препарат) бағасы болса удай.
Осыдан кейін үйде қайтып отырмақ?
Содан да елдің бүгінгі əңгімесі 42.500-ден аспай тұр.
Осыдан кейін де біргеміз бе?

Бізде медицина жетер жеріне жеткен. Өздері тұмшаға жарымай отыр. Есесіне емші-құшнаштардың тасы жүріп тұр. Ел қазір соларды тыңдайды.
Одан қалды зікіршілеріміз отыр түкірініп.
Зікір салуға рұқсат бер деп Президентке шыққан жайлары бар…
Осыдан кейін де біргеміз бе?

Біздер қазір Ванга кемпірдің еліне айналдық.
Ковидің қашан келетін білдік. Қанша адамның жұқтыратынын да санап қойдық. Қанша адамның көз жұматынын да біліп отырмыз.
Қашан кететінін де біліп отырсақ керек.
Тек көрші елдердің ығытын байқастап отырған жайымыз бар-ау…
Кіммен біргеміз?

Мен Президентіммен біргемін!
Мен Елбасыммен біргемін!
Мен Прьемеріммен біргемін!

Біз ертең де бірге болуымыз керек!
Ол үшін бүгін бірге болуымыз керек!»

Төрехан Майбас. Қарағанды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыдағы жедел-жәрдемнің жағдайы адам шошырлық

Сен Сәу 11 , 2020
Оқылды: 1  864 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды облысында күн санап короновирус дертіне шалдыққандар саны артып келеді. Бүгінде билік Қарағанды қаласы мен серіктес қалаларды карантинге жауып, жұртты үйден шығармауға үндеп жатыр. Күдік пен үрей қарбаласқан қиын шақта дәрігерлердің жұмысы қауырт, тіпті ауруханадан шықпай, еңбек етіп жатқандары да […]