Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артып келеді

2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың бірқатар негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандар саны артты.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіпте, құрылыста, білім беру саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында өсім байқалды.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі бұрынғысынша көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласына тиесілі. Бұл салада 1 571,4 мың адам жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 16,7% құрайды.

Білім беру саласында 1 251,0 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% артық.

Өнеркәсіп саласында жұмыскерлер саны 1 185,7 мың адамға жетіп, 2,0% артты. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында 298,3 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 3,4% көп.

Жұмыспен қамтылғандар саны құрылыс саласында да өсіп, 643,8 мың адамды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 624,8 мың адам, ал денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 616,7 мың адам жұмыс істейді. Көлік және қоймалау саласында 663,2 мың адам жұмыспен қамтылған.

Жалпы, 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту құрылымы тұрақты сақталып, экономиканың негізгі салаларының басым бөлігінде жұмыспен қамтылғандар санының оң динамикасы жалғасып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шығармашылық еркіндік пен волонтерлікті қолдау: жаңа Конституцияның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі

Сәр Шіл 1 , 2026
Оқылды: 41 Бүгін 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдық келісімді нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген мемлекеттік дамудың жаңа бағдарын айқындайды. Конституциядағы өзгерістер бірнеше маңызды бағытты қамтиды. Олар: […]