МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНЕ “ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ” КӨЛІКТЕРІН СЫЙЛАДЫ

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Елімізге танымал кәсіпкерлер – Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев Алматының медициналық мекемелеріне Жоғары дәрежелі мамандалған жедел жәрдем қызметін көрсететін мобильді орталықтарын тапсырды.

Алматы қаласының әкімдігінің сұранысы бойынша Қазақстанда коронавирустық COVID-19 індетімен күресті қаржылай қолдау үшін ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев пен бизнесмен Қайрат Боранбаев Алматының медициналық мекемелеріне толықтай заманауи медициналық жабдықтармен жасақталған “Ford Tranzit” үздік жедел жәрдем көрсететін автокөлігінің негізінде жасалған сегіз жылжымалы орталықты табыстады.

“Ford Tranzit” негізіндегі медициналық жедел жәрдем автокөліктері барлық қажетті медициналық жабдықтармен жасақталған, солардың ішінде электрокардиограф (ЭКГ), өкпені жасанды инвазивті және инвазивті емес желдету портативті аппараты, оттекті ингалятор, ларингоскоп, аспиратор, салмалы зембілі бар арба және басқа да медициналық техникалар бар. Бұл автокөліктер экспресс тест және ПЦР диагностика жасауға, биоматериал сынамасын алуға мобильді орталық ретінде жұмыс істеуге арналған. Әрі жүргізуші және медициналық персоналды қорғайтын арнайы қорғаныс заттарымен, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен салон және заттарды дезинфекциялау үшін 2000 литр ерітіндімен жабдықталған.

Жаңа арнайы медициналық автокөліктер Шымкент қаласында “Казмедприбор” ЖШС базасында жабдықталып, жасақталған. Әрі оттегі мен жасанды желдетуді қажет ететін өкпе ауруына шалдыққан пациенттерді тасымалдауға арналған. Жедел жәрдем көрсететін автокөліктер Алматыда коронавирустық індетпен күрес жүргізіп жатқан медициналық мекемелерге табысталады. Атап айтқанда, Алматы мен қаладан тыс және маңайындағы аудандардан өкпе ауырына шалдыққандарға тез арада диагностика жасау мен оларды тасымалдау үшін беріліп отыр.

«Халық» қайырымдылық қоры бұл көмектің операторы болып табылады. Жоба «Медикер Ассистанс» медициналық компаниясының, INVIVO зертхана желісі және “Medical Partners Korea Qazaqstan” (“Медикал партнерс Корея Казахстан”) клиникасының арқылы іске асырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Бекеттер

Бей Сәу 9 , 2020
Оқылды: 1  316 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Жолдағы бекеттердегі қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Мамандарға төрт мезгіл тамақ беріліп, тиісті жабдықтармен қамтылды.