«ReStart» экологиялық жобасы Ақтөбе қаласында басталды

Ақтөбе қаласында (Навалижан тасжолы, Оңтүстік айналма жол) республикалық «ReStart» жобасы аясында ауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында — жастар арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық ойлауды дамыту мақсаты көзделген.

Сенбілікке «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, CCI Kazakhstan ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері қатысты. Аталған студенттер «ReStart» жобасының белсенді қатысушылары.

Іс-шараны экотренер әрі экобілім беру саласының сарапшысы Оразалин Дәурен Жақсылықұлы ашты. Ол сенбіліктің маңыздылығы, қалдықтарды сұрыптаудың рөлі және жастардың экологиялық мәдениетін дамытудағы жобаның үлесі туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімінің орынбасары Төлегенов Жақсат Сандыбаевич қатысушыларға құттықтау сөз арнады. Ал «ReStart» жобасының менеджері Мәжитова Дина Жұмабековна жобаның негізгі міндеттері мен жоғары оқу орындары арасындағы экологиялық жарыс форматы туралы айтып берді.

Бағдарлама барысында қатысушыларға арналған практикалық тренинг өткізілді. Онда Zero Waste қағидаттары, пластикті дұрыс сұрыптау жолдары, жиі кездесетін қателіктер және оларды болдырмау тәсілдері түсіндірілді. Сондай-ақ сенбілік барысында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді.

Іс-шара соңында жиналған пластик өлшеніп, алдын ала қорытындылар шығарылды. Бұл көрсеткіштер «ReStart» жобасы аясындағы жоғары оқу орындары арасындағы жарыс нәтижесіне әсер етті.

Айта кетейік, «ReStart» жобасы Қазақстанда он жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ең ірі экологиялық бастамалардың бірі. Жоба жастар арасында қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

«ReStart» жобасы аясында жоғары оқу орындары арасында экологиялық көшпелі эко-сенбілік өткізілетіні алдын ала жарияланған. Еліміздегі ЖОО орындарының студенттері арасында пластик жинайды. Нәтижесінде жеңімпаз ВУЗ экологиялық жобаға қолдау алады

Биылғы маусым 28 наурызда басталып, Қызылорда, Шымкент және Алматы қалаларында өткен сенбіліктер барысында 2200 келіден астам пластик жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Алдағы уақытта тағы алты қалада осындай экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарланды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстанда «ECO ART QAZAQSTAN» республикалық экологиялық өнер байқауы өтеді

Бей Сәу 16 , 2026
Оқылды: 44 Қазақстанда қайта өңделген шикізатпен жұмыс істейтін суретшілерге, дизайнерлерге және креаторларға арналған республикалық «ECO ART QAZAQSTAN» байқауы басталды. Бұл бастама экологиялық өнерді дамытуға және шығармашылық арқылы саналы тұтыну мәдениетін насихаттауға бағытталған. Байқау қалдықтарды қайта ой елегінен өткізіп, олардан көркем туындылар жасайтын авторлар үшін алаң болмақ. Қатысушылар өнер арқылы өзекті […]