28 наурыз — «Жер сағаты» акциясы

28 наурыз күні Қазақстанда жаһандық экологиялық бастама аясында «Жер сағаты» акциясы өткізіледі.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты»халықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.

«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің артқы жарығы сөнеді.

Айта кету керек, «Жер сағаты» акциясы – планетадағы жаппай атқарылатын экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 180 елден 7 000 қаланың тұрғындары қосылады. 2026 жылы «Жер Сағаты» халықаралық акциясы әлемде 19-шы рет, Қазақстанда 17 – ші рет өтеді.

Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын елдегі акциялар кезінде символдық нысандарды жарықтандыруды өшіреді.

Олардың ішінде:

• «Байтерек» монументі

• «Астана Опера»

• Әзірет Сұлтан мешіті

• Тәуелсіздік Сарайы

• «Астана Арена» стадионы

• «Алау» мұз айданы

• «Қазақстан» қонақ үйі

• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б.

Науқанды қолдау мүмкіндігінше қарапайым: 28 наурызда сағат 20:30-да шамдар мен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіріңіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ұлт болашағына бағыт берген билер жиыны

Бей Сәу 2 , 2026
Оқылды: 120 Қарағанды өңірінде «Қазақ билері алқасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезекті жиыны ұйымдастырылып, ел бірлігі мен қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Басқосу Қарағандыда өтіп, игі шара дәстүрлі бата рәсімімен басталды. Жиында елімізге белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы көпшілікке ақжарма тілегін арнап, алқалы топтың жұмысына сәттілік тіледі. Бұдан кейін бірлестіктің бас биі […]