Астанада «Жер сағаты» эко-акциясы өтеді

Астананың көптеген нысандарында «Жер сағаты» акциясы аясында сыртқы сәндік жарықтандыру уақытша сөндіріледі. Биыл әлемдегі ең ауқымды «Жер сағаты» акциясы 28 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін өтеді.

Акцияның негізгі мақсаты — адамдардың назарын Жер ресурстарын ұқыпты әрі жауапкершілікпен пайдалануға аудару. Бұл — Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұйымдастыратын жаһандық акция. Ол табиғатқа ұқыпты қараудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына қамқорлық жасаудың символы болып табылады. Жыл сайын әлемнің 180 елінен миллиондаған адам бір сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді.

Әлемдегі мыңдаған сәулет ескерткіштері де жарықтарын өшіреді: Құтқарушы Христос мүсіні, Эйфель мұнарасы, Үндістан қақпасы, Биг-Бен, Колизей, «Феникс» орталығы және басқа да нысандар.

Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жыл сайын кеңінен қолдау тауып келеді. Бұрын бұл бастаманы тек ірі қалалар қолдаса, соңғы алты жыл қатарынан оған елдің барлық өңірлері қосылып келеді.

Акцияны ұйымдастырушылар: «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, Астана қаласының әкімдігі.

Серіктестер: Хан Шатыр СОО, «Су ресурстарының ақпараттық-талдамалық орталығы» КЕАҚ, «Электр энергетикасы мен энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Жер сағаты» акциясына арналған интерактивті іс-шара 19:30-да Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Қатысушыларға концерт, викторина ұйымдастырылады, ал ең белсенділер Stop musorәлеуметтік жобасы мен серіктестер тарапынан арнайы сыйлықтарға ие болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

28 наурыз — «Жер сағаты» акциясы

Сен Нау 28 , 2026
Оқылды: 46 28 наурыз күні Қазақстанда жаһандық экологиялық бастама аясында «Жер сағаты» акциясы өткізіледі. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты»халықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді. «Жер сағаты» акциясы […]