Ерліктің биік шыңы

Қарағанды қаласының Пришахтинск елді мекенінде орналасқан №18 жалпы білім беретін мектепте Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың 80 жасқа толуына орай ерекше маңызы бар ерлік сабағы өтті.

 

Іс-шараға 99270 әскери бөлімінің командир орынбасары подполковник Ерғанат Шағдабай мен қатардағы Айым Сұлтанова арнайы келіп, 8 сынып оқушыларымен «Ерліктің биік шыңы» атты тәрбиелік сабақ ұйымдастырды. 

Сабаққа мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен қырыққа жуық оқушы қатысып, ел қауіпсіздігін сақтау жолында өзіндік айшықты қолтаңбасын қалдырған жерлес қаһарман тұлғаның өмірі мен қызмет жолы кеңінен қамтылды. Іс-шара барысында оқушыларға армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың ел алдындағы еңбегі, әскери саладағы үлесі, қайсарлық пен отаншылдыққа толы ерлік жолдары жан-жақты түсіндірілді. Қазақстан қарулы күштерінің дамуына зор үлес қосқан тұлғаның есімі жас буынға үлгі екені айтылды. Ерліктің мән-маңызы мен әскери борыш туралы сөз қозғаған подполковник Ерғанат Шағдабай өз әсерімен бөлісті.

Бүгінгі ұрпақ елін қорғаудың не екенін, ерлік деген ұғымның қандай жауапкершілікті арқалайтынын білуі тиіс. Мұхтар Қапашұлы сияқты тұлғалардың өмір жолы — нағыз мектеп. Біз жастарға осы өнегені жеткізу үшін келіп отырмыз, деді – шараны ұйымдастырушы – Ерғанат Шағдабай.

Ал қатардағы жауынгер Айым Сұлтанова оқушыларға рух берер сөз арнап, Отан алдындағы адалдықтың биік құндылық екенін атап өтті. 

 

– Әскер қатарында қызмет ету — үлкен абырой. Біз бүгін сіздерге бір ғана тұлғаның өмірін таныстырып қоймай, патриот болудың не екенін жеткізгіміз келді. Мұхтар Алтынбаевтың ерлігі — әр қазақ баласы мақтан тұтар тарих, дейді – шараны ұйымдастырушы – Айым Сұлтанова.

Ерлік сабағы оқушылар үшін тың ақпаратқа толы, әсерлі кездесу болды. Шара соңында мұғалімдер мен оқушылар қонақтарға алғыс айтып, мұндай тәрбиелік дәрістердің жас ұрпақ санасына оң ықпал ететінін жеткізді. Осындай кездесулер арқылы жас буынға елін сүю, Отанды қорғау, батырлық пен адалдыққа баулу идеялары тереңірек сіңірілері сөзсіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жастар – қоғамның қозғаушы күші

Бей Ақп 12 , 2026
Оқылды: 209 Қай кезеңде де қоғамның даму бағыты мен болашағы жас ұрпақтың қолында екені даусыз. Себебі жастар – елдің ең белсенді, ең ізденімпаз, өзгеріске бейім бөлігі. Олар тек бүгіннің емес, ертеңнің де иесі. Сондықтан жастардың білімі, тәрбиесі, көзқарасы мен өмірлік ұстанымы – мемлекеттің стратегиялық маңызы бар мәселелерінің бірі болып саналады. […]