SARDAR CUP – жас спортшылардың жарқын жеңістері

Қарағанды қаласында кекушинкай карате бойынша дәстүрлі SARDAR CUP турнирі жоғары деңгейде өтіп, Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам жас спортшы өз бақтарын сынады. Жарыс Қазақтың қаһарман қызы Әлия Нұрмұханбетқызы Молдағұлованың 100 жылдығына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне сіңірген еңбегімен ел құрметіне бөленген армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналды.

Жарысты ұйымдастыру және өткізу бойынша жалпы басшылықты «Жас Сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының Қарағанды облыстық филиалы жүзеге асырды. Турнир «КЕКУШИНКАЙ каратэ Бүкіл Қазақстандық ұйымы» РҚБ ережелеріне сәйкес өтті және оған РОО «ВКОКК» спортшылары мен «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері 11 кю дәрежесінен бастап қатыса алды. Турнирдің негізгі мақсаты – Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына құрмет көрсету, ұлттық бірлік пен достық идеологиясын насихаттау, жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, кекушинкай каратені дамыту, денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру болды. Жарыста өз салмақ дәрежелері бойынша дара шығып, жоғары нәтиже көрсеткен спортшылардың қатарында ӘминаНұрмұхамедова – қыздар арасындағы 10–11 жас, 40+ кг санатында чемпион атанды. Егор Харченко– ақ белбеу иегері, ұлдар арасындағы 8–9 жас, 35 кг дейін жаңадан бастауыштар санатында чемпион атанды. София Чалова– ақ белбеу иегері, қыздар арасындағы 8–9 жас, 27 кг дейін қола жүлдегер атанды. ТеонаДжанджгава – ақ белбеу иегері, қыздар арасындағы жаңадан бастауыштар санатында 10–11 жас, 35 кг дейін күміс жүлдегер болды. Барлық қатысушылар жоғары дайындық, тәртіп және спорт мәдениетін көрсетті. Турнир балалардың ерік-жігерін шыңдап қана қоймай, достық пен рухани байланыс құндылықтарын нығайтты. Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Еркебұлан Мұстағұлов турнирдің тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды.

SARDAR CUP – жас буынның бойына патриотизм мен ұлттық рухты қалыптастыруға бағытталған аса маңызды шара. Бұл турнир – тек спорттық кездесулер емес, балалардың жауапкершілігін, жігерін және елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған үлкен мектеп. Әлия Молдағұлова мен генерал Мұхтар Алтынбаевтың мерейтойларымен орайлас өткізілуі жас буынның тарихи санасын қалыптастыруға айрықша әсер етеді, – деді Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Еркебұлан Мұстағұлов.

Сонымен қатар турнирге қатысушылардың дайындығына жоғары баға беріліп, 500-ден астам жас спортшының бір жерде бас қосуы кекушинкай каратенің елімізде кеңінен дамып келе жатқанын көрсеткенін іс-шара қонақтары да атап өтті.

Жарыстың маңыздылығыжайлы айтар болсам, Каратеде қалыптасатын ерік-жігер, батылдық, тәртіп – болашақта ел қорғайтын жастар үшін өте маңызды қасиеттер. Мұндай турнирлер жас ұрпақты жігерлендіріп, олардың бойында нағыз жауынгерге тән мінез қалыптастырады. SARDAR CUP-тың болашағы зор, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ірі спорттық мерекеге айналатынына сенім білдіремін,дейді Қызыл Жұлдыз және Құрмет ордендерінің иегері, ҚР Қарулы Күштерінің құрметті ардагері, запастағы полковник Амангелді Жантасов.

Қорытындылай келе, SARDAR CUP – балалар арасындағы ең ауқымды әрі маңызы жоғары спорттық жобалардың бірі. Бұл турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, оларды батырлық, тәртіп, жауапкершілік және отансүйгіштік бағытында тәрбиелеуге зор үлес қосады. Жарысқа қатысқан барлық спортшыларды, бапкерлерді, ата-аналарды және ұйымдастырушыларды осы спорттық мерекемен құттықтаймыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Оқу дабылы бойынша жоғары жауынгерлік дайындыққа келтірілді

Жұм Жел 5 , 2025
Оқылды: 131 Желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің барлық бөлімшелері оқу дабылы бойынша жоғары жауынгерлік дайындыққа келтірілді. Бұл шара жаңа оқу кезеңінің басталуына орай ұйымдастырылып, әскердің жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын жан-жақты тексеруге бағытталған. Тактикалық-саптық сабақтар дәстүрлі түрде жауынгерлік дайындықтың маңызды құрамдас бөлігі саналады. Олардың басты мақсаты – ескерту жүйесінің тиімділігін, […]