Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Біз, шағын және орта бизнес өкілдері, Сізге Қазақстан азаматтарының әл-ауқатына бағытталған елдегі жалпы және экономикалық ахуалды тұрақтандыру шараларын енгізу бойынша шұғыл шешімдер қабылдауға әзір болатындығыңыз үшін өз ризашылығымызды білдіреміз.
Біздің еліміз, бүкіл әлем сияқты өте күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр және Сіз өз Жолдауыңызда атап өткендей, ең маңыздысы – БІРІГУ. Біз өз БІЛІМДЕРІМІЗДІ, КҮШ-ЖІГЕРІМІЗДІ және РЕСУРСТАРЫМЫЗДЫ біріктіруіміз керек!
Ашық көздердегі деректерге сәйкес Қазақстан Республикасында ШОБ кәсіпорындарының саны 1.3 миллионды құрайды, оларда 3.5 миллион адам жұмыс істейді. 2019 жылы Қазақстанның ЖІӨ 178.2 млрд долларды құрады, оның ішінде ШОБ үлесі 29,4% – ды құрады, бұл абсолюттік мәнде 52 млрд. долларды (23 трлн. теңге) құрайды. ШОБ сегментіндегі тек қана КТС бойынша салықтық түсімдер 2018 жылы 840 млрд. теңгені құрады.
Осы фактілерді, құлдырауды ескерсек, ал жекелеген жағдайларда шағын және орта бизнес секторындағы банкроттықтың экономика мен халық үшін КҮЙРЕТУШІ, АПАТТЫҚ салдары болады!
Бүгінде түрлі шаралар қабылдануда, оның ішінде ШОБ-ты қолдау бойынша қадамдар да баршылық, бірақ біз меншік иелері мен компания басшылары ретінде бұл шаралардың тиімді болмайтынын анық түсінеміз, өйткені ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығынан, COVID-19 және қажетті карантинді енгізуден болған нақты залал көптеген шенеуніктердің болжамдарынан айтарлықтай көп.
Барлық экономикалық тізбек үзілген: шикізат бағасының өсуі, өндіріс пен өткізу көлемінің қысқаруы, барлық сауда алаңдарының, оның ішінде қоғамдық тамақтандыру орындарының жабылуы, жарнама нарығында белсенділіктің болмауы, барлық қызмет көрсету объектілерінің жабылуы, жаппай жұмыстан босату, сатып алу қабілетінің төмендігі – осының барлығы жабайы бәсекелестік ортада «аман қалғандар» мен әлі де төлеу қабылеті барлар үшін ұзақ бейімделу мен қалпына келтірілуі талай жылдарға созылатын жағдай туғызады. Ал барлық бюрократиялық процедуралар мен барша тараптардың қашықтықтан жұмыс істеу коммуникациясының күрделілігін ескерсек, қолдайтын да ЕШКІМНІҢ қалмауы ықтималдығы бар!
ШОБ-тың әрбір бағытының мәселелерін, басқа елдердің шаралары мен іс-әрекеттерін, жекелеген мемлекеттердің әрекетсіздіктерінен болған теріс нәтижелерді талдай отырып, Сізден тек қана нығайтуға ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада ШОБ секторын дамытуға нақты мүмкіндік беретін айтарлықтай қатаң және түбегейлі шешімдерді қарастыруды сұраймыз.
Халықтың салық және басқа да төленетін төлемдердерінен Қазақстан азаматтарының күнделікті ыждағатты жұмыс барысында мемлекеттің ел экономикасын қолдау ушин 4,4 трлн. теңге қаражат БӨЛУ МҮМКІНДІГІ БАР. Осы құралдарды ДҰРЫС БАСҚАРА ОТЫРЫП, біз дағдарыспен күресте күмәнсіз жеңіп шығамыз.
ШОБ-тың зардап шеккен салалары үшін ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығынан және COVID 19 пандемиясына байланысты мәжбүрлі шектеулерден ұсынылатын шаралар:
1. Жұмыс беруші үшін еңбекақы төлеу қоры бойынша бюджетке аударымдар бойынша 6 ай мерзімге жеңілдік беру:
• МЗЖ-0%;
• ЖТС-0%;
• Әлеуметтік салық – 0%.
Жұмыс берушілерге қалдыру керек:
• Әлеуметтік аударымдарды – 3,5%;
• Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды – 2% ;
• Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын – 1%.
2. Салықтық жеңілдіктер:
• 2020 жылдың 1 және 2-тоқсандары үшін ҚҚС төлеуден толық босату;
• 2020 жылдың 3 және 4-тоқсандары үшін ҚҚС төлемін 6 %-ға төмендету;
• 2020 жылдың соңына дейін 2019 жылға КТС төлеу мерзімін ұзарту;
• 2020 жылға КТС бойынша мөлшерлемені 10% – ға дейін екі есе төмендету.
3. Импортқа салынатын салықтар:
2020 жылдың соңына дейін Қазақстанда өндірілмейтін шикізат, кәсіпорындарға арналған өндірістік жабдықтар мен жиынтықтаушы құралдар импортына кедендік баж салығын толығымен алып тастау.
4. Жеңілдікті кредит беру:
1) ШОБ бойынша барлық қызмет түрлерін БАСЫМ деп тану;
2) Орташа жылдық табысы 500 млн. теңгеден асатын кәсіпорындардың экономикалық қызметтері түрлерінің жалпы классификаторын (ЭҚТЖК) «Қарапайым заттар экономикасы», «Өндіріс» және «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламаларына қосу. Орташа жылдық табысы 500 млн. теңгеден кем кәсіпорындардың ЭҚТЖК «Астана Бизнес 2025», «Алматы Бизнес 2025», «Жібек Жолы» және т. т. барлық қолданыстағы өңірлік бағдарламаларға қосу;
3) Барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша мөлшерлемені теңгемен жылдық 6% – дан аспайтындай біріздендіру. Сондай-ақ осы бағдарламалар бойынша кредит беру шеңберінде кепілдік қамтамасыз етуді жабу үшін екінші деңгейдегі банктерге 80% – ға дейін мемлекеттік кепілдіктер беру;
4) Ағымдағы операциялық қызметті қолдау үшін қажетті айналым қаражатын толықтыру мақсатында кредит беру үшін (ЕТҚ, коммуналдық қызметтер, жалға беру және басқалар) 2% – дан аспайтын мөлшерлеме бойынша, негізгі борыш пен сыйақы төлемдері бойынша 6 айға демалыс ұсына отырып, екінші деңгейдегі банктерде кепілмен қамтамасыз етуді 100% – ға жабуды мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету;
5) Банктерге, лизингтік және шағын қаржы ұйымдарына негізгі борыш пен сыйақы бойынша 180 күнге кейінге қалдыру құралдарын, кейіннен кестелерді осындай мерзімге ұзарту жолымен қайта құрылымдауды ұсыну.
6) Енгізілген шараларды тиімді имплементациялау және ЕДБ-ге сұрау салуларды өңдеу мерзімдерін қадағалау үшін мемлекеттік құрылымдардың, «Атамекен» ҰКП қаржы институттарының өкілдерінен және әр түрлі сала кәсіпкерлерінің өздерінен қоғамдық комитет ұйымдастыру.
Қазақстан азаматтарының басым көпшілігіне жұмыстарын сақтауға ықпал ететін, аяғынан тұрып кетуге сеп болатын шағын және орта бизнеске қолдау жасаумен қатар жеке тұлғаларға да көмек көрсетудің қосымша шараларын қарастыруыңызды сұраймыз:
Ипотекалық несие, автокредит, тұтынушылық және тауарлық несиелер үшін:
• Банктерге, ипотекалық және лизингтік компанияларға, шағын қаржы ұйымдарына олардың тарапынан негізгі борыш пен сыйақы бойынша міндетті түрде 90 күнге мерзімін кейінге қалдыру, кейіннен кестелерді осындай мерзімге ұзарту жолымен қайта құрылымдау үшін құрал ұсыну;
• Адамдарға өздерінің жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен несиені мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік беру.
Біз барлық бөлінген қаражат бірінші кезекте ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН БИЗНЕСТІ нығайтуға, олардың өміршеңдігін және кеңейтілуін қолдауға бағытталуы тиіс деп есептейміз, осылайша біз бүгінгі күні саны 300 мыңға жеткен адамды жаппай жұмыстан босату үдерісін тоқтатамыз, сонымен қатар осы кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береміз.
Бұл шаралар мемлекет, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасындағы арасындағы тәуекелдер мен жауапкершілікті тең дәрежеде жүктейді деп есептейміз
Қолдау көрсеткеніңіз және көңіл бөлгеніңіз үшін алдын ала алғыс білдіреміз!
Құрметпен,
Кәсіпкерлер және олардың қызметкерлері
Толығырақ ақпаратпен танысқыңыз келсе және қол қою үшін төмендегі сілтемеге өтіңіздер.