Алматыдағы колледжде Түрік асханасының күндері

24 мамырда Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжінде Түрік асханасының күндері аясында Еге аймағына арналған дегустация өтті.

Шараға Алматы қаласының Түркиядағы бас консулы қатысты.
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жары Емине ханымның бастамасымен 21-27 мамыр аралығында Түрік асханасының күндерін жыл сайын халықаралық деңгейде атап өту үрдіске айналған. Бастама “Sıfır atık” яғни “ысырапсыз өмір” деген идеямен жүзеге асады.
Түркия Республикасының Алматы баа Консулы Эврен Мүддерисоғлұ: Біздің елдің асханасының әр аймақ, әр облысқа сай ерекшеліктері мен өзіндік қағидалары бар. Қазір Түркияның алдыңғы қатарлы мейрамханалары мен қонақ үйлерінде түрік асханасының күндеріне орай кең дастархан жайылып жатыр. Іс-шарамыздың бірінші күнінің Түркиядағыдан кем өтпеуіне ықпал етір отырған Чилен ханым мен Сехер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз”.
Қонақтарға ұсынылған тамақтардың барлығы Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжі студенттеріне академиялық ұтқырлық бойынша 2 ай бойы тәлім берген түркиялық аспаздардың қолынан шыққан.
Ерұлан Қарағұлов, Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры: “ Туризм саласындағы қызмет көрстеу сапасы жөнінен әлемдік алдыңғы қатарлы елдердің бірі – Түркия. Біздің студенттеріміз Анталияның қонақ үйлеріне тағылымдамадан өтіп жүр. Осы орайда, Алматы қаласындағы Түркия бас консулдығынан тіл мәселесі жөнінен көмек көрсетуін сұрадық. Студенттеріміз сәуірдің басынан бастап түрік асханасының қыр-сырын меңгеріп қоймай, бауырлас халықтың тілін де үйрену үстінде. Бүгінгі шара тағылымдамадан өткен студенттеріміз бен арнайы Түркиядан келген ұстаздарымыздың ортақ жемісі”.
Шаттық СӘДУАҚАС
www.tga.gov.tr
www.goturkiye.com

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түрік асханалары Астанада

Дүй Мам 27 , 2024
Оқылды: 373 Жыл сайын 21-27 мамыр күндері түрік асханасына арналып, апта бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Түркияда Эмине ЕРДОҒАН ханымның демеушілігімен ұйымдастырылған іс-шаралардан басқа, Астанада Түркия Республикасының Астанадағы Елшілігінің шақыруымен түрік асханасының тамаша үлгілері мен Эгей аймағының тағамдары таныстырылып ұсынылды. Мерекелік іс-шара аясында Астанадағы шетелдік миссия өкілдері, кәсіпкерлері мен белгілі қайраткерлері […]