23 СӘУІР – САРБАЗДАР КҮНІ

Қан кешсін –
қан майданда қаймықпаған,
От құшсын –
жүрегі еш шайлықпаған.
Даурыққан долы дұшпан,делқұлы жау,
Сертінен сарбаздарды айнытпаған.

Ел үшін болсын жаны жатқа құрбан,
Өр сарбаз кеуде керіп сапта тұрған.
Нағыз ер сыналатын сәт емес пе,
Отаны бір күй кешсе отқа тұнған.

Тер емес қан тамсын кеп терлігінен,
Түспеген бір сәтте де ерлігінен.
Қайран сол қан майданда қас сарбаздар
Еңсере түскен бәрін елдігімен.

Кек қайнап,бұла күшке мініп батпан,
Тұл бойы құрыш қайрат тұнып жатқан.
Қазақтың өжет туған сарбаздары,
Өлімнің өзіне де
күліп баққан.

Ер жоқта,ерлік тұтар дастан жоқта,
Қанша жұрт
өз жерінен босқан жоқ па?!
Елдігін сақтау үшін қас батырлар,
Кеудесін қалқан етіп тосқан оққа.

Бейбіт күн бүгін шырқар асыл әнін,
Ұлықтар ұлдарын ел жасын,жалын.
…Қас батыр,
қапсағай ер,
қайсар сарбаз
Қазақтың қастерлей түс Қасымдарын.

Наурызбай Жарбосынұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстан туризмін Түркиямен байланыста дамытса

Жұм Сәу 26 , 2024
Оқылды: 584 Түркістан қаласында Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, Түркияның Қазақстандағы туризм және мәдениет министрлігінің Туризм және мәдениет атташесі Солмаз Хаберал, Алпарслан Акынджы, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында, тың тәжірибелер мен ортақ құндылықтарды біріктіру арқылы Түркістандағы туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды. Былтыр […]