Қарағандыға су департаменті керек пе

Елімізде Су ресурстары және ирригациялық министрлігі құрылды. Енді Қарағанды облысын да заманауи технологияны игерген кәсіби мамандарды жинап, ғылыми зерттеулер жүргізетін, бар-өзен-көлді сақтауға, тиімді пайдалануға ықпал жасайтын суды реттеу департаментін құру керек емес пе?   

Республика бойынша су тасқыны қауіп төндірген өңірлердің ішінде Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып, бетін қайтарды. Тек  Шет ауданында Шерубай-Нұра өзенінің бір саласы, Талды өзенінің маңайындағы ауылдарға су кірді. Шағын ауылдар бірден эвакуацияланды. Қарағанды қаласының шеткі көшелеріне су кіргенмен, бірден сорып алынды. Аймағымыздағы 237 гидротехникалық құрылыс үздіксіз жұмыс істеп, қажетті су көлемі қабылданды. Бізде Құдайға шүкір, сай-саладан ағып келген қызыл су жолын-жөнін тапты. Ағын су елдімекендерге жіберілмей автомобиль жолдарын қолмен бұзып, тиісті арналарға бұрылды. Биыл Шерубай-Нұра су қоймасы арқылы 256 млн. текше метр, ал Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан 410 миллион текше метр су өткен. Мұндай көлемдегі су 7 жыл бұрын болған екен. Қазіргі таңда қаланың оңтүсітік-шығысында су жолдары қазылып, көктемгі су шаһардың ішімен емес, жылға-жылғамен, астымен кететіндей жобалар жасалып жатыр. Орталық өңірде де кезінде талай ауылдар су астында қалған еді. Біздің билік қаншама жылғы тәжірибесін биыл тиімді пайдаланды. Бұл демек, бір жылғы емес, бірнеше жылғы жүргізілген еңбек. Біздегі су қоймалары да өткен жылдары орташа жөндеуден өткен. “Қарағанды су қоймалары” КММ көп жылдан бері ескерусіз жатқан, еш қауқары жоқ мекеме еді. Мира Махатчина осы саланы басқарғалы қажетті техникалар алынып, су қоймаларын өз күштерімен жөндеп, 2-3 жылдан бері іргелі жұмыстар атқарылды. Мұрат Қатпанов бастаған Төтенше жағдай департаменті де жедел қимылдап, адамдарды құтқаруда ептілік көрсетті. Аудан-қала әкімдіктеріндегі қызметкерлер де күндіз-түні етігімен су кешіп, еңбек етті, кезекшілікте жүрді. Табиғатты қорғаушылар,  Ермағанбет Бөлекпаевтың командасы әр ауылдың халқымен бірге қарғын суды ауыздықтай алды. Премьер-министр Ожас Бектенов Қарағанды өңірінің тәжірибесін басқа облыстарға пайдалану қажеттігін де ескертті.  Дегенмен облыстың солтүстік аймағында шамалы қар қалды. Жаңбыр бірнеше күн жауса, әлі де сақтану керек. Бұл атқарылған жұмыстар басы ғана. Су жүріп өткен жолдарды, ауылдарды қалпына келіріп, халыққа өтемақы төлеу де, біраз бас қатыратын шаруа. Бұрынғы бұзылған су қоймаларын да, қасындағы ауылдар зардап шекпейтіндей, ауылшаруашылығына қолданылатындай жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Оған қоса бізде су мамандары да жетіспейді, жаңа техника да керек. Облыстағы Қарағанды су қоймалары шағын мекемесі бүкіл өңірдің өзен-көл, суын қарайтындай мүмкіндігі жоқ. Совет үкіметі кезінде Шет ауданының өзінде 90-нан астам су қоймасы болса, олардың бүгінде оншақтысы ғана қалған болуы керек. Кезінде совхоздардың гаражында техника толып тұрса, бүгінде ол ауылдардың өзі де жоқ. Қалса, орнында қыстақтар ғана шағын малға ие болып отыр.  Балқаш өзені де жылдан-жылға тартылып бара жатыр. Өткен жылдардың есебінше, 20 млрд. текше метр ағын су құйылады екен. Ғалымдардың пікірінше, оның тартылғаны тек Қазақстанға ғана емес, Орта Азияға әсер етеді. Аралдың зардабын айналасындағы өзге елдер де тартып жатыр. Бұлай жалғаса берсе, Балқаш та аз жылда Аралдың кебін киетінін айтады. Біздегі өзен-суларға, Балқашқа да, өндірістік қалдықтар көптеп төгіледі. Халық далаға лақтырып тастайтын пластик ыдыстар мен полиэтилен целофондары да сол суларды қоқысқа толтырады. Қарағанды облысы бүкіл облыспен шектесетіндіктен, бізге судың негізгі көздері өзге өңірлерден, өзге елдерден келеді. Облыстағы өзен-суларды сақтау, оны ауылшуаруашылығына тиімді пайдалана білу де өзекті мәселеге айналып отыр. Орталық өңірде суды тиімді пайдалану, өзге өңірлердің өзен-көлін сақтау деген сөз. Біздің өңір осы суды мәселеге емес, ауылшаруашылығына қолданып, тіршілігіміздің өзегіне айналдыра алсақ, өзгелерге де сабақ болар. Елімізде Су ресурстары және ирригациялық министрлігі құрылды. Енді біздің облыста да заманауи технологияны игерген кәсіби мамандарды жинап,  ғылыми зерттеулер жүргізетін, бар-өзен-көлді сақтауға, тиімді пайдалануға ықпал жасайтын, су департаментін құру керек емес пе?  

Ақбота Қазкенова 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 

Филология факультетінің 3 курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Halyk Bank депозитін мерзімінен бұрын қайтарды

Сей Сәу 9 , 2024
Оқылды: 539 Halyk Bank 2015 жылы «Қазақстандық орнықтылық қоры» АҚ депозиті түрінде Қазкоммерцбанктен алған 250 млрд теңге мөлшерінде мемлекеттік қолдаудың мерзімінен бұрын толық қайтарылғаны туралы хабарлайды. Halyk осыған дейін 2023 жылдың маусым және желтоқсан айларында депозиттің бір бөлігін – 68,4 млрд.теңгені қайтарған болатын. Ал бүгін банк мемлекеттік көмектің 181,6 млрд теңге сомасындағы қалдығын өтеді. Осылайша, Halyk мемлекетке 250 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражатты мерзімінен […]