ЮНЕСКО белгілеген Білім күні аясында III PR Қысқы мектебі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесіп ЮНЕСКО белгілеген халықаралық Білім күні аясында III PR Қысқы мектебін өткізеді.

Қысқы PR мектепке Қазақстан, Германия, Британия, Түркия, Ресей елдерінен БАҚ өкілдері, PR мамандары, ЖОО оқытушылары мен Ауғанстан, Иемен елдерінен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады. Қысқы мектеп аясында «Халықаралық журналистика және PR» апталығы өткізіледі.

26 ақпан – 5 наурыз аралығында гибридтік форматта халықаралық ұйымдар өкілдерінің, танымал PR, медиа мамандар шеберлік сабақтарын өтеді.

Шараның өткізілетін орны: «Әл-Фараби» кітапханасы, 409 конференц-зал (4 қабат). Басталуы: 10.00-де.

Шараның ресми серіктестері:

Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросы;

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ;

«PR-шы» клубы.

https://vm.tiktok.com/ZMMRN6SRv/III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PR ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІНІҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

Цифрлық PR және БАҚ;
Жасанды интеллект технологиялары;
Желілік PR және SMM;
Қаржы саласындағы PR;
Журналистік білім берудіңцифрлықстратегиялары;
Тұрақты даму – жаһандық тренд жәнемедиа міндеттер;
Халықаралық журналистикадағы медиасаясат мәселелері;
Экологиялық сауат;
Ғаламдық жылыну;
Климаттың өзгеруіне бейімделу;
Табиғи және техногендік тәуекелдер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

27 АҚПАН - САЛТ- ДӘСТҮР КҮНІ

Сәр Ақп 28 , 2024
Оқылды: 405 Салт-дәстүрім, қазынам! Өзекті тұсы нарқымның, Ұлтымның бедел, айбыны. Салт-дәстүрі халқымның – Ұрпақтың басты байлығы. Атаның жолын жалғастыр, Ананың тілі – бал бұлақ. Бабадан қалған мол дәстүр. Балаға қонса – зор мұрат. Әз дәстүр бойды толқытса, Даңғылға басар ардағы. Жас ұрпақ игі жол тұтса, Салтымның сол ғой салмағы. Ұлтының […]