Тәртіпке бағынған құл болмайды

Орталық аймақтың әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмәділовтің бастамасымен Қарағанды гарнизонында әскери сала мамандарының қатысуымен әскери білім орындары мен бөлімдердегі құқық бұзушылықтың алдын-алу  бойынша жиналыс өткізілді.

Қарағанды гарнизонына қарасты Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдері мен оқу орындары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, орын алар қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, әскер қатарына шақыртылған жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.Солардың қатарында, көпшілік жастардың құқықтық санасын жоғарылату мақсатында, оқу орындарында, əсіресе әскери кафедра мен әскери мектептер үшін арнайы дәріс оқу қажеттігі нұсқалды.Аталғандардың негізінде, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялай отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу проблемасы бойынша əскери орта, арнайы, жоғарғы оқу орындарындадəріс оқуды ұйымдастыру қажет етілген.Заңдылықты сақтау – Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы болып табылады. Ал, құқық бұзушылық – қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Еліміздің Конституциясына сәйкес, әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Осындай өзекті мәселе Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университетінің әскери кафедрасында өткен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел жиынында қаралды. Шараның басты мақсаты:жасөспірімдердің құқықтық санасын жоғарылату, құқық бұзушылықтың профилактикасы. Дəріс барысында міндетті келесі мəселелер қарастырылды:

– қоғамдағы негізгі құндылықтар (тəрбие, ар-намыс, заңға, қоғамға деген құрмет, отбасы құндылығы, сондай-ақ ел Президентінің «Заң мен Тəртіп қағидаты».

– кəмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу бойынша қабылданған шаралар;

– балалар арасындағы суицид, түнгі уақытта жалғыз қыдыру, ойын-сауық орындарына бару, қылмыс жасау (жыныстық қылмыстар, жалған терроризм, ұрлық, əлімжеттік жасау, нашақорлық, күш көрсету, бопсалау, тонау жəне тағы да басқа) жəне басқа да заңсыз əрекеттердің (ішімдік қолдану, қоғамдық орындарда тəртіпті бұзу, вандализм жəне т.б.) салдары;

– əлеуметтік желілердегі құқықбұзушылықты насихаттайтын ақпараттардың жастардың дамуына кері əсер ететіндігі туралы жəне т.б. өзекті мəселелер қамтылды.Дөңгелек үстелге Орталық аймақтың әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмәділов, Қорғаныс министрлігінің Қарағанды гарнизондарына қарасты әскери бөлімдердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, әскери полиция, психолог қызметкерлер жұмылдырылған.

«-Мұндай жиын аясында әскердегі қылмыстың, суицидтің, жарақаттанудың және әскери қызметшілер арасындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жыл сайынғы деңгейінің төмендеуі негіз болып табылады. Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері әскери қызметшілерді спорттық-бұқаралық шараларға тарту жұмыстарын белсенді қолға алған, біз аталмыш іс-шараны Әбілқас Сағынов атындағы Қарғанды техникалық университетінің әскери кафедрасы мен Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде өткізіп отырмыз» – дейді, өз сөзінде Орталық аймақтың әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмәділов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағанды гарнизонында тактикалық-саптық сабақтар өтіп жатыр

Жұм Жел 8 , 2023
Оқылды: 517 Желтоқсанның 1-і мен 7-і аралығында Қарулы күштердің әскери басқару органдары мен құрамаларында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде жауынгерлік әзірлік бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өтіп жатыр. Іс-шараларға Қарулы күштердің барлық жеке құрамы тартылған. Кезекші күштер мен құралдардың жаттығулары өткізілу үстінде. Әскери басқару органдары мен әскерлерді дайындау басқа әскерлермен және әскери […]