«Астана» Өңірлік қолбасшылығының жаңа командирі таныстырылды

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы полковник Ержан Ыбыраев қызметтік міндетін бастады. Қарағанды гарнизонына жұмыс сапары барысында оны жеке құраммен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов таныстырды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы өз сөзінде, полковник Ержан Ыбыраев өзінің бар тәжірибесімен және жоғары кәсіби қасиеттерімен ұштасып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлерінің алдына қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыруға қол жеткізе алатынына сенім білдірді. Сондай ақ жаңа командирге табандылық пен сәттілік тіледі.

 «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы бұл қызметке Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы – ел Президентінің бұйрығымен генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың орнына тағайындалды. Ал Жазықбаев, өз кезегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Бір күн бұрын генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев жауынгерлік абыройдың, ерліктің және даңқтың ерекше белгісі болып табылатын Өңірлік қолбасшылықтың Жауынгерлік Туымен салтанатты түрде қоштасты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Баклава — түріктің ұлттық тағамы

Бей Қар 16 , 2023
Оқылды: 477 Баклава. Қағаз тәрізді жұқа қабаттары бар филло қамырының, сары майдың және хош иісті тәтті сироптың бұл дәмді түрік кондитерлігі Түркияға барған әрбір туристің тағам маршрутындағы бірінші десерт болатыны сөзсіз. Нағыз дәм мерекесі, бақлава Түркияның бай мәдени мұрасының маңызды символы болып табылады. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер, шеберлік және кондитерлік […]