Мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтар, Қорғаныс Министрлігі келісімшарт жасаған Қазақстанның 42 жоғары оқу орнында тегін білім ала алады. Сонымен қатар оларға офицер атағын алу үшін әскери кафедраларда тегін оқу мүмкіндігі қарастырылған.
Мерзімді әскери қызметтерін өтеген азаматтар офицер атағын алу үшін әскери кафедраларда тегін оқу мүмкіндігі қарастырылған. Әскерден келгеннен кейін 2 жыл ішінде, ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша ақылы негізде ЖОО-на оқуға түсу мүмкіндігі қарастырылған, ал лайықты әскери қызметшілер үшін ЖОО-дардың есебінен тегін бакалавриат және магистратурада білім алу, сонымен қатар емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсе алады. Отан алдындағы әскери борышын өтеп болған соң, жоғарғы оқу орнына түскісі келетін жастар үшін Қарағанды гарнизонына қарасты, 85510 әскери бөліміне Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің механика кафедрасының оқытушысы Гүлбану Рахымбаева келген. Байланыс батальонына келген кафедра оқытушысы, жоғарғы оқу орындарына түсу жолдарына тоқталды. Қарағанды техникалық университетінің тарихымен танысқан сарбаздар, университеттің дайындайтын мамандықтары туралы сұрап, сұрақтарына жауап алған.
–Мерзімді қызметтегі сарбаздарға оқу орындарына түсу шарттары, мамандықтары, әскер мектебінен өткендердің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтылды.Әскерге дейін жұмыс істеген, ЖОО-на түскісі келетін жастардың қатары артуда. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылық құрамымен кездескен қатардағы жауынгерлер кездесудің арқасында көптеген мәселелерді түсінді. Оқуға түсіп, грант алу үшін өздерін көрсеткісі келетін жастардың көптігі көңіл қуантады, – деп атап, өтті өз сөзінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің механика кафедрасының оқытушысы Гүлбану Рахымбаева.