Қарағанды гарнизонында «Өміріңді сақта» атты ведомствоаралық кеңес өткізілді

Қарағанды гарнизонына қарасты, «Астана» өңірлік қолбасшылығында «Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарламасы аясында әскери прокурор, әскери басқару органдары және қылмыстық қудалау органдары өкілдерінің қатысуымен гарнизондық кеңес өткізілді.

 

Өткізілген іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары Қарағанды ​​гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің командирлерінің назарына жеткізілді. Алқалы жиында Қарағанды ​​облысы бойынша сарбаздар аналары комитетінің төрайымы Әубәкірова Зағира Құсайынқызы сөз сөйлеп, әскерге шақырылғандар мен жас сарбаздар арасындағы әскери қызмет мәселелеріне тоқталды.

Сарбаздарымыздың әскери қызмет өткеру жағдайына өте ризамын. Біздің балаларымыз үшін оқыту және сабақ өткізу үшін жабдықталған сыныптар құрылған, заттай мүлікпен толық қамтамасыз ету бар, алаңда тәжірибелік сабақтар одан да қызықты өтеді деп үміттенемін. Мен осындай Отан қорғаушылармен Қазақстан азаматтары өздерінің қауіпсіздігіне сенімді бола алатындығына көз жеткіздім, – деп атап өтті өз сөзінде, Қарағанды облысы бойынша сарбаздар аналары комитетінің төрайымы Әубәкірова Зағира Құсайынқызы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарашаның бесі әскери барлаушылардың кәсіби мерекесі

Дүй Қар 6 , 2023
Оқылды: 425 Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің кез келген әскери бөлімінде барлау бөлімшелері орналасқан. Бұл орындалатын тапсырманың сәттілігі іс-әрекеттеріне байланысты бөлінетін әскери қызметкерлер. Олар жауды бірінші болып байқап, қарсыластарына көрінбеуі керек. Қазақстан армиясының арнайы жасақтарының қазіргі буыны үнемі дайындығын жетілдіріп отырады. Әскери қызметкерлер әртүрлі жарыстар мен жаттығуларға қатысып, өздерінің кәсіби […]