Қарулы Күштер қатарында әскери борышын өтеп жүрген, мол тәжірибесі бар запастағы офицерлер университетет студенттерімен білгендерін бөлісті. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасында 30-ға жуық запастағы офицер дәріс береді. Қазіргі таңда 800-ден астам курсант «Артиллерияны жауынгерлік қолдану», «Танк бөлімшелерін жауынгерлік пайдалану» сондай ақ «арнайы жасақтарды жауынгерлік қолдану» атты үш цикл бойынша сабақтар оқытылады.
– Бұл әскери кафедрада қашанда әскери істің қыр-сырын білетін адал жандар еңбек еткен. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге зор үлес қосып жүрген әскери кафедра мамандарын әрдайым ерекшелендіретін тәртіп, жауапкершілік және жоғары кәсібилік», – деп атап өтті ҚарТУ әскери кафедрасы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстаржөніндегі орынбасары, запастағы подполковник Алмас Нұғманов.
Биылғы жылы елімізде ұстаздар күні алғаш рет 5 қазан күні аталып өтілуде, әскери кафедраның офицерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамын еліміздің болашақ қорғаушыларын дайындайтын ұстаздар деуге әбден болады.ҚарТУ-дың әскери кафедрасы 1953 жылы Қарағанды тау-кен институтының негізінде студенттер арасынан запастағы офицерлерді дайындау үшін құрылды. Университеттің әскери кафедрасы құрылған 70 жыл ішінде одан 22 мыңнан астам запастағы офицерлер мен сержанттар шыққан, олардың көпшілігі күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде және басқа да құқық қорғау органдарында абыроймен қызмет атқарып келеді.