Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ХХ Спартакиадасы аясында, екі әскери қызметкер спорт шебері атағын алды.
Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығының оқу-жаттығу полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ХХ Спартакиадасы аясында әскери қолданбалы және ойын спорты бойынша стандартты қарудан атудан және әскери үшсайыстан чемпионат өтті. Әр гарнизоннан келген өңірлік қолбасшылықтардың әскери қызметшілері қызметтік қару: Макаров тапаншасынан және Калашников автоматынан ату бойынша сынға түсті. Екінші кезең АК-дан ату, гранаталарды қашықтыққа лақтыру және 400 метрге жүгірумен кедергілерден өтуді қамтитын әскери үш сайыс болды. Жарысқа барлығы 13 команда қатысты, оның ішінде 172 әскери қызметші, 25 әйел. Чемпионаттың қорытындысы бойынша қызметтік қарудан оқ атудан командалық есепте бірінші орынды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің әскери қызметшілері жеңіп алды. «Шығыс» өңiрлiк қолбасшылығының әскери қызметкері майор Еламан Әбiшев, ерлер арасында қызметтік қарудан оқ ату кезінде 288 ұпай санымен, спорт шебері атанды.
Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты Мағжан Төлепов АК-ден оқ ату кезінде 274 ұпай жинады: «-Тұрақты дайындықтың нәтижесінде мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері арасында үздік атандым. Мен бүгінгі жеңісім арқылы өз институтымның намысын қорғай алғанымды мақтан тұтамын» – деді ол.
Әйелдер арасында жекелей сында 276 ұпай жинап, ПМ-нан оқ атудан бірінші орынды ҚР ҚК десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің сержанты Аяжан Әмержанова жеңіп алды, АК-дан оқ ату бойынша қатардағы жауынгер Әйгерім Әріп үздік атанды.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының аруы 269 ұпай жинады. Әскери үшсайыс бойынша өткен жарыста «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы жеңімпаз атанса, әскери үшсайыста сол команданың сарбазы сержант Әсілбек Қарабай спорт шебері атағын алды.
Әскери-қолданбалы және ойын спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ХХ Спартакиадасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командасы абсолютті жеңімпаз атанды.