Қарағанды гарнизонында құқық бұзушылық қатаң қадағаланады

Қарағанды гарнизонында әскери қызметшілердің құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында қылмыстық жауапкершілікке қатысты айлық өткізіліп жатыр. 

Қарағанды өңірлік гарнизоны, әскери полиция басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Қорғаныс Министрлігіне қарасты қызмет көрсетілетін әскери бөлімдермен, мекемелерінде барлық санаттағы әскери қызметшілер қызмет орнын өз бетінше тастап кету, сондай-ақ әскери мүлікті жымқыруға қарсы қылмыстық жауапкершілікке қатысты профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Қарағанды өңірлік әскери полиция басқармасының мамандары қылмыстық заңнаманы жиналған жұртшылыққа түсіндірумен қатар, әскери бөлімдердің қолбасшылығымен бірлесе отырып жанар-жағармайдың ұрлану фактілерінің алдын алу бойынша бақылау шараларын ұйымдастырды. Іс-шара қорытындысы бойынша әскери ортадағы қоғамға қарсы көріністерге профилактикалық әсер етудің қосымша әдістері әзірленіп, мемлекеттік насихат, мемлекеттік шекараны қорғау және әскери қызметшілердің құқықтарын әлеуметтік салада қорғау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Бүгінгі іс-шараға келетін болсақ, Қарағанды гарнизоны әскери полиция басқармасының қызметкерлерімен қызмет көрсететін гарнизонда орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығымен бірлесе отырып, ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, гарнизонын келсімшарт бойынша әскери қызметшілерімен жоғарыда аталған тақырыптарда семинар-жиналыстар, дөңгелек үстелдер, дәріс-әңгімелер және тағы басқа профилактикалық жұмыстар атқарылуда, – деп атап өтті, өз сөзінде Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мас жүргізуші – қылмыскер

Бей Там 10 , 2023
Оқылды: 621 Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастамасымен гарнизон шеңберінде «Мас жүргізуші – қылмыскер» айлығы ұйымдастырылды. Аталмыш айлық, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту мақсатында өткізілді. Шара барысында Қарағанды […]