Инновациялық жасыл технологияны дамыту мақсатында Меморондум жасалды

2023 жылы 14 шілдеде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы атынан Басқарма Төрағасы Айгүл Сағадыбекқызы Соловьева мен «QazInnovations «инновацияларды дамыту жөніндегі Ұлттық Агенттігі» Акционерлік қоғамы атынан Басқарма Төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов атынан ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою кезінде тараптар креативті тәсілдерді дамыту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тұрақтылық саласында тиімді шешімдер табу мақсатында өзара тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді.
Болашақ үшін серіктестік инновациялық идеяларды дамыту үшін жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер ашады, жасыл технологиялар саласында бірлескен зерттеулер жүргізеді, соның ішінде GreenTech бағыты және инновациялық құралдар мен оны модельдеу арқылы болашақтың жасыл ландшафтына көзқарастарды талқылауға және қалыптастыруға елеулі үлес қосады. Форсайт – бұл болашақ бейнесін қалыптастыру және елдің экологиялық белсенділік деңгейін арттыра отырып, қажетті перспективалардың іс-әрекеттерін анықтау үшін жұртшылықтың қатысуына мүмкіндік беретін жоба.

Қауымдастық практикалық және жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, идеяларды бірлесіп әзірлеу, енгізу және жергілікті кәсіпкерлер мен стартаптардың дамуына жәрдемдесу арқылы қоршаған ортаны жақсарту саласында жаңа серпін беру үшін өз білімімен бөліседі.
Қауымдастық бұқаралық ақпарат құралдары мен экологиялық ҮЕҰ тарапынан көпшілікті ақпараттандыру және оны мәлімделген мақсаттарға қол жеткізуге тарту үшін белсенді қолдауға сенеді!
Қол қойылған Меморандум бірлескен іс-шараларды іске асыру барысында қажетті келісімдер мен шарттар жасасу үшін негіз болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қонаев қаласында І Халықаралық медиа және туризм форумы өтеді

Жек Шіл 16 , 2023
Оқылды: 515 2023 жылдың 21-23 шілдесінде Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында І Халықаралық медиа және туризм форумы өтеді. “Түркітілдес журналистер қоры” қоғамдық қорының Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің серіктестігінде ұйымдастыратын шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Швейцария, Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Молдова, […]