Түркияға медиа-туристік сапар

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз.
Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз. 

Бауырлас елде көздің жауын алатын жауһар мекен көп қой. Соның бірі әлбетте, Анталья. Күн райы керемет. Жерорта теңізі бабында. Әлемнің әр қиырынан туристер ағылып жатыр. Пресс-турға бізден өзге Румыния, Сербия, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен әріптестеріміз де келді.

Анталья – яхталар тізбектелген ескі теңіз айлағымен, шағыл құмдыы жағажайымен, әлемдік деңгейдегі қонақүйлерімен аты шыққан курортты қала. Түрк Ривьерасында орналасқан қалаға ел ішінен де, шекара сыртынан да туристер ағылып келеді. Антальяда біздің жыл санауымызға дейінгі және кейінгі көне ескерткіштер де көп. Мысалы, 130 жылы келген Рим императоры Адриананың қақпасы бар. Жауларынан қорғану үшін арқасын Жерорта теңізіне қаратып, күнгейін алып қақпаға тіреген. Қазір ғасырлар бойы соғыс пен табиғи апаттарға қарсы тұрған қақпаның тек қирандылары ғана қалған. ІІ ғасырда салынған Хыдырлык мұнарасы да қаланың көркіне айналған.  Мұнараға қарап, теңіздің жағалауына орналасқан Антальяның Рим империясы кезінде аса маңызды айлақ болғанын көрсетеді.

Мейіржан Әлібекұлы, Берік Нұрсалимов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Инновациялық жасыл технологияны дамыту мақсатында Меморондум жасалды

Сен Шіл 15 , 2023
Оқылды: 497 2023 жылы 14 шілдеде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы атынан Басқарма Төрағасы Айгүл Сағадыбекқызы Соловьева мен «QazInnovations «инновацияларды дамыту жөніндегі Ұлттық Агенттігі» Акционерлік қоғамы атынан Басқарма Төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов атынан ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою кезінде тараптар креативті тәсілдерді дамыту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық […]