Запастағы лейтенанттарға әскери шен тапсырылды

Қарағанды қаласына қарасты медицина университетінің Фармация мектебінің студенттері, білім ала жүріп, әскери кафедраны сәтті аяқтады. Түлектер салтанатты іс-шара барысында – запастағы медицина қызметінің жас лейтенанттары атанып, оларға әскери шендерді тапсыру рәсімі өтті.

Әскери кафедра басшысы, запастағы полковник Жиенбаев Бауржан Акимжанович Фармация мектебінің барша түлектерін бакалавр дәрежесін алуларымен құттықтап, Қорғаныс министрінің «Запастағы медицина қызметінің лейтенанты» әскери атағын беру туралы бұйрығын жариялап, әскери кафедраның 14 түлегіне әскери шен беріп, марапаттады.Запастағы офицер шендерін алу үшін студенттер екі жыл теориялық әскери дайындықтан, бір айлық әскери оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, бітіру емтихандарын сәтті тапсырды.Салтанатты шараның ресми бөлігі дәстүрлі фотосессиямен аяқталды.         Болашақта запастағы лейтенанттардың шендерін тапсыру университетті бітіргені туралы дипломды табыстаумен қатар тұрақты дәстүрге айналмақ.Офицерлік атақтың болуы түлектерге өз қалауы бойынша Қарулы Күштер қатарында келісім-шартқа отыруға, сондай-ақ азаматтық кәсіпорындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға үлкен мүмкіндіктер береді.

Бүгін жас офицерлер өз достарының арасында тұрып өз шенін, дипломын алады. Мен осы сәтті пайдаланып барлық бітіршілерді құттықтаймын. Олар болашақта еліне қызмет ететін үлкен маманға айналады. Және осы оқу орнының ұстаздарына да үлкен алғысымды білдіремін. Жас түлектерге тек тілейтінім денсаулық, жақсылық. Қазақстан Республикасының қорғаныс күштеріне өз үлесін қоса берсін. Еліміздің қорғаныс күші нығайа берсін. Болашақта қарулы күштерімізді басқаратын осы жас түлектер. Әскери кафедраның әр түлегін «Запастағы медицина қызметінің лейтенанты» әскери атағын алуларымен құттықтаймыз!» – деп атап өтті өз сөзінде, әскери кафедра басшысы, запастағы полковник – Бауыржан Жиенбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Он саусағынан өнер тамған сарбаз

Дүй Шіл 10 , 2023
Оқылды: 525 Қазақстан Республикасына қызмет етемін! «Өнер – ұлт келбеті», – дей­ді дана халқымыз. Өнерде шек болған емес, оны түсінуге тілдің де керегі жоқ. Бүгінгі күндемузыкалық домбыра аспабында күй орындау шеберлігімен талайды тамсандырып жүрген өнерпаздардың қатары аз емес. Домбыраға қызығып, күй тартуға талаптанған жандардың саны күннен-күнге артып келеді. Солардың бірі – […]